ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы
«Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Кажыбаева Карлыгаш Мусаевна
Қазіргі кезде Қазақстан мұғалімдерінің алдында білім сапасын заман талабына сай көтеру міндеті тұр. Сол үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізіп, үнемі ізденуді талап етеді. Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс. Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор. Продолжить чтение «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабіл етін арттыру»