30 қазан 2019 жылы Алматы қаласында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен І Республикалық «IQ Star» өнер сайысы болып өтті. «Үздік шәкірт» даярлаған білікті кәсіби деңгейі үшін Алматы қаласы № 157 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып жетекшісі Әбдірайым Балнұр Мәмбетқұлқызы марапатталды.
Көркем сөз оқу номинациясы бойынша Көмекбай Дидар бас жүлде, Әбілхан Амина және Бақыт Аяна — 1 орын, Шаймардан Көркем — 2 орын, Абдығарып Шерхан жүлделі 3 орынмен марапатталды.
Сонымен қатар Алматы қаласы № 157 ЖББМ мұғалімдері Балгабаева Акмарал, Керимова Баян, Ширинбекова Жанат жүлдегерлерді дайындағаны үшін «Үздік ұстаз» алғыс хатымен марапатталды.