2016 жылы жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа барған балалар бірден формативті және жиынтық түрде бағаланып, жаңа жағдайларға белсенді түрде енді. Жаңа жүйемен бағалауға алдымен ескі жүйеде оқыған және бағаланған, қазір бағалаудың жаңа жүйесіне көшкен балалар баяу бейімделуде. Олардың қиындықтары психологиялық тұрғыдан бір-біріне үйреніп қалуларында, енді оларға қайта бейімделуге тура келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.
Бүгінгі ата-аналар — кешегі мектеп оқушылары, олар ескі бағдарлама бойынша оқып, «3», «4», «5» деген баға алды. Сол себепті көбіне көп ата-аналар қауымы үшін жаңа жүйеге көшу үрдісі қиындық тудырып жатады. Бұл ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ережелерінде бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау саны күніне 3-тен аспауы тиіс, оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырудың икемді кестесі және т.б. бар екендігін атап өту қажет.
«Біз курстар, семинарлар, тренингтер арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бізге объективті, ең бастысы, оқушыларды оқыту процесін қолдауға және ынталандыруға бағытталған бағалаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктерін педагогтарға, ата-аналарға түсіндіру маңызды», — деді Ш.Каринова.
Понравилось это:
Нравится Загрузка...