Жаңа сабақтар

Бейсен Ұлжан Дәулетқызы

Пән:Сауат ашу

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:28.01.2019

Сынып:1 «В»

Мектеп: Алматы облысы Қапшағай қаласы №3 орта мектеп МКМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсен Ұлжан Дәулетқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Продолжить чтение «Бейсен Ұлжан Дәулетқызы»

ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ

Биыл Ұлттық біліктілік тесті алғаш рет электронд ы форматта өтеді

«Педагог мәртебесі туралы» жаңа Заң шеңберінде мектепке дейінгі, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби өсуі Ұлттық біліктілік тестін тапсырып, аттестаттаудан өту арқылы қарастырылған.

– Ұлттық біліктілік тестін компьютерлік режимде өткізуді жоспарлапотырмыз. Қараша айында 70 мыңға жуық мұғалім тестілеуден өтеді. Олар өздерінің сұрақтары мен жауаптарын көруге, жіберілген қателіктерді талдап, дәлелдерімен аппеляцияға беруге мүмкіндік алады.Болашақта біз Ұлттық біліктілік тестін толығымен автоматтандыруды жоспарлап отырмыз, басшылықтың араласуын болдырмаймыз, сондықтан, үміткер біліктілік тестін өткізудің орны, күні мен уақытын өз бетінше анықтайды, – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігі бейнебақылау көмегімен біліктілік тестін тапсыру барысын бақылауды жоспарлап отыр.

ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ

Халықаралық рейтингтерде қазақстандық білім неш інші орында?

Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім халықаралық рейтингтерде нешінші орында екендігін айтты.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстан 2017 жылдан бастап білім беру және инновациялық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитеттерінің мүшесі. IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Білім» субфакторы бойынша әлемнің 64 елінің арасында Қазақстан 26-шы орында. Осы рейтингтің 20 көрсеткішінің бестігінде Қазақстан бірінші орында тұр.

2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ДЭФ ЖБИ) «Дағдылар» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 57-орынға ие болды. Сондай-ақ, 2019 жылы «WorldSkills International» халықаралық байқауында біздің құрама 14 орынды иеленді.

  • Егер, PIRLS зерттеуінде мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша біздің оқушылар 27 орында болса, TIMSS зерттеуіндегі математика және жаратылыстануда академиялық білім бойынша мықтылардың бірі және көшбасшы елдердің ондығына кіреді. PISA-2018 нәтижелері осы жылдың желтоқсанында белгілі болады, — деді Асхат Аймағамбетов.

PIRLS, TIMSS, PISA әр түрлі білім салалары мен түрлі жас ерекшеліктері үшін сауаттылық көрсеткіштері болып табылады. Егер, PIRLS бастауыш сынып оқушыларының сабақ үстінде оқыған материалды пайдалана білу қабілетін көрсетсе, TIMSS жаратылыстану-ғылыми және математикалық білімнің сапасын өлшейді. PISA жасөспірімдердің дағдыларын бағалайды.

2018 жылы Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуіне алғаш рет қатысты. Бұл мектептердегі мұғалімдерді, директорларды және білім беру ортасын зерттеудің ең ауқымды түрі. Зерттеу нәтижелерін ЭЫДҰ елдерінің нәтижелерімен салыстыруға болады, кейбір позицияларда артықшылықтары бар. Мысалы, қазақстандық мұғалімдер ЭЫДҰ елдерінің көптеген мұғалімдерінен 3 жылға жас, орташа жасы-41 жас. ЭЫДҰ елдерінде-44. Қазақстан ең жас директорлары бар топ-7 елдің қатарына кіреді. Мұғалімдердің 86% –ы кәсіби даму олардың оқытушылық практикасына оң әсерін тигізгенін айтты (ЭЫДҰ-82%).

ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ

Студенттік жатақханалар құрылысында МЖӘ механиз мі табысты қолданылуда

Үкімет отырысы барысында бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, бастама басталғаннан бері 5 149 орын пайдалануға берілді және жыл соңына дейін тағы 4 050 орын жатақханаға беріледі.

Студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобаларға бизнестің белсенді қатысуының бірқатар факторлары бар. Олардың негізгісі — жатақханаларда тұратын әрбір студент үшін мемлекет төлейтін мақсатты тапсырысты орналастыру.

Бұдан басқа, бизнестің осы бағытын таңдаған кәсіпкерлер үшін «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде банктік кредиттің пайыздық ставкасын субсидиялау тетігі қарастырылған. Соңғы жаңашылдықтарға сәйкес, кәсіпкерлерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысуымен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы кредиттік жүктемені 9% — ға дейін төмендету мүмкіндігі беріледі. Бұдан басқа, осы ұйым тарапынан несиені ресімдеу кезінде кепілдік беру құралдары қарастырылған.

«Даму» қорының деректері бойынша жалпы құны 1,7 млрд.теңгені құрайтын екі жоба субсидияланады, 14% пайыздық мөлшерлеменің 8%-і субсидияланады. Екінші деңгейлі банктерде 6 жоба қаралу кезеңінде тұр Екінші деңгейлі банктерде 6 жоба қаралып жатыр», — деп атап өтті министр.

ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ

Жекеменшік мектептер және Мемлекеттік тапсырыс

Жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде мемлекет қанша үнемдейді?

Бұл туралы сейсенбі, 22 қазан күні, Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

2018 жылы «Білім туралы» Заңның әкімдіктерге орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру құқығын беру бөлігінде толықтыру енгізілді.

Мемлекеттік тапсырыстың құны мен мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін анықтау бойынша заңға тәуелді актілер қабылданды.

Ұсынылған шараның артықшылығы жетерлік.

Мемлекет үшін бұл — бюджетке түсетін жүктемені төмендету, орын тапшылығын азайту, білім беру сапасын жақсарту, педагог мәртебесін арттыру.

Инвестор үшін бұл — тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес-жоба.

Азаматтар үшін — білім алуға қолайлы жағдайлардың жасалуы, әртүрлі бағдарламалар, қосымша білім алудың қол жетімділігі.

Сонымен қатар, таңдап алынған жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісі білім алудың әділ әрі бірыңғай жолын қамтамасыз етеді, таңдау ата-анаға тиесілі болғандықтан, білім беру ұйымына қатысты біржақты таңдауға жол берілмейді.

«Осы шара жүзеге асырылғаннан бері 98 жекеменшік мектепте мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жыл басынан бері елімізде 47 жекеменшік мектеп ашылып, жылдың соңына дейін тағы осындай 13 жаңа мектеп ашылады деп күтілуде.

Тек осы жылдың өзінде ғана жекеменшік мектептердің саны 121-ден 181-ге дейін, яғни, 50%-ға өседі. Нәтижесінде қосымша 18 мыңнан астам оқушы орны ашылады», — деді министр.

Осылайша, тек 1 жылда мемлекет қаражатын шартты үнемдеу 31 млрд.теңгеден астам соманы құрайды.