Жаңалықтар

ҚР және Моңғолияның білім саласындағы қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

Моңғолия Премьер-министрі У.Хурэлсухтың Қазақстан Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Аталған нормативтік-құқықтық құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Монғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт вице-министрі Ганболд Ганбаяр қол қойды.

Кездесу барысында білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім екі елде берілген білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы мәселелерін реттейді. Сондай-ақ, Моңғолия азаматтарына бөлінетін білім гранттарының санын 5-тен 25-ке дейін (15 бакалавриат, 5 магистратура, 5 докторантура) көбейту көзделіп отыр.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Продолжить чтение «ҚР және Моңғолияның білім саласындағы қатынастары»

Жаңалықтар

Айғанымның айбынды жетістігі

Қазан айының 15-18 аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Германияның Кёльн қаласы мэриясының ұйымдастыруымен «Балаларға мейірімді қалалардың» Халықаралық саммиті болып өтті. Бұл жаһандық кездесу әлемнің 60 елінен жиналған 550-ге жуық қалабасыларының, жергілікті көшбасшылардың, техникалық сарапшылардың, жастар мен балалардың басын біріктірді. Саммиттің басты мақсаты – бала құқықтарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру мен кеңейтудің инновациялық жолдарын қарастыру болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен бақ сынауға жиналған қатысушылардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің 9 «А» сынып оқушысы Жолжақсынова Айғаным ойып тұрып орын ала білді, — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина. Продолжить чтение «Айғанымның айбынды жетістігі»

Жаңалықтар

В торжественной обстановке

В поселке Сарыозек прошло масштабное мероприятие, посвященное 74-летию образования воинской части 12740 Десантно-штурмовых войск. В ходе мероприятия состоялась торжественная церемония прощания с Боевым знаменем военнослужащих, отслуживших установленные сроки срочной службы. Кроме того, юные воспитанники военно-патриотического движения «Жас сарбаз» принесли клятву на верность Родине. Продолжить чтение «В торжественной обстановке»

Жаңалықтар

Әскери бөлім күні аталып өтті

Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлері 12740 әскери бөлімінің құрылғанына 74 жыл толуына орай ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында әскери бөлімде мерзімді әскери қызметтерін абыроймен аяқтаған сарбаздардың және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы қатысушыларының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Продолжить чтение «Әскери бөлім күні аталып өтті»

Жаңа сабақтар

ТЕМІРЖАН Айбат Русланұлы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебінің
11 сынып оқушысы ТЕМІРЖАН Айбат Русланұлы
Жетекшісі: Құбашева Айгүл Мейрамқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Кейкіні көргенде туған ой

Қазақ азат болғалы сол азаттығы үшін жанын беріп, қанын төккен ұлы тұлғаларын, асқар алыптарын, дара даналарын Кеңес үкіметі жаққан қара күйеден тазалаумен келеді. Күйе жағылған адамдардың санынан санаң сарсылар. Олардың қатарында елді қанау, басып-жаншу, одан қалды Коммунистік партияға күштеп кіргізу кезінде араша болып, елдің мүддесін қорғап, ерлікпен көзге түсе білген, есімдерін атауға тыйым салынған батырлар есімі көптеп кездесері мәлім. Соның бірі – Кейкі мерген. 1914 – 1921 жылдар аралығындағы халық ішінде болған негізгі қақтығыстар мен төңкерістердің, үкімет билігіне қарсы тұрғандардың нақ ортасында болған батыр жайлы көгілдір экраннан кереметтей туынды, қазақ киносы жарық көрді. Орысқа қазақ ұлының құл болмағанын, қызының күң болмағанын көрсетуді мақсат еткен. Продолжить чтение «ТЕМІРЖАН Айбат Русланұлы»

Жаңа сабақтар

«САНДАР СЫРЫ»

Ақтөбе қаласы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің 6 класс оқушылары

Смагул Тумар Нурланкызы және Максут Дамир Айбекұлы

Жетекшісі: Математика пәні мұғалімі Тлеуова Дания Алтоновна

Қазіргі көптеген мектеп оқушыларына болашақта есептеу техникасы мен автоматтық құралдармен жабдықталған цехтарда, кәсіпорындарда еңбек етуге тура келетіні сөзсіз. Жастарда жаңа техниканы басқару үшін қажетті әзірлік бар ма? Олай болса, орта мектепті оқып жүргеннің өзінде-ақ оқушылар азды-көпті шығармашыл, іздемпаз болуы шарт. Мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті-қазіргі заманғы математикалық формальды логика -кибернитикалық теорияның негізі екенін түсініп, білуі тиіс. Продолжить чтение ««САНДАР СЫРЫ»»

Жаңа сабақтар

МЕН ЖАСАҒАН ИГІ ІС

БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы № 1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мухамбетжанов Нурсултан

Жетекшісі: Даулетбекова Шаттық Мырзабековна

«Тaзaлық – денcаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. «Ауылына қарап, азаматын таны” деп осыдан айтылған емес пе?

Соңғы кезде ауылымыз көркейіп келеді. Бас көшеде ұлттық нақышта безендірілген аллеялар, демалыс орындары көбейді. Көше бойлары түгел жарықтандырылып, аудан орталығы заманауи үлгіде дамуда. Продолжить чтение «МЕН ЖАСАҒАН ИГІ ІС»