Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ғарыш технологияларына бағытталған  МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізу шеңберінде Ұлттық ғарыш орталығының «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ аумағында Tamos Space School жеке меншік мектебі құрылысының басталуына орай алғашқы тасын қалау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Саид Мохамад Бакри бин Саид Абдул Рахман, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Азамат Батырқожа, «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Асқар Ибраимов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ Төрайымы Роза Садықова қатысты. Продолжить чтение «БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»

Жаңа сабақтар

«УАҚЫТ»

Ақтөбе қаласы, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-интернатының
9 сынып оқушысы
Куштаева Асем Аскаровна
Жетекшісі: Жолмағамбет Мерей

Физика ғылымының тұрғысынан — уақыт оқиғаның ұзақтығын және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі. Философтар арасында екі түрлі көзқарас бар.

Біріншісі: Реалистик көзқарас. Уақыт құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл тұжырымды әлемге әйгілі Исаак Ньютон білдіргендіктен – оны Ньютондық уақыт деп атайды.

Екіншісі: Адамзат көмегімен оқиғалардың кезекпен орындалуы.

Менің ойымша, уақыт адам өмірінің ақшалай құны. Уақытәркімнің өмірлік капиталы. Әр түрлі адамға уақыт әрқалай құнды. Біреуіне босқа кеткен уақыт мың теңгенің құнынан да артық болса, енді біреуіне босқа кеткен уақыт бір тиынға да жетер-жетпес.

Уақыт адам баласына берілген бағалы өткінші зат. Мен үшін текке кеткен бір мезет өте құнды. Мен үшін уақыталтыннан да қымбат.

Уақыт бізді ақылдылыққа, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйрететін өмірлік ұстаз. Уақыт — ол өмір. Ал өмір қамшының сабындай тым қысқа. Өміріміз мағыналы болуы үшін уақытымызды басқара білуіміз керек.

Уақыттың дұрыс өтуіне ертеректе Еуропа мемлекеттерінің ғалымдары адамның күнделікті күнін қадағалап,бақылаулар жүргізген. Нәтижесінде олар мынадай ойға келді, егер адам өз уақытын өзі басқара білсе ғана өз мұраттарына және биік жетістіктерге қол жеткізе алады деді.

Уақытты ертеректе тиімді пайдалана білген Еуропа мемлекеттері, қазіргі таңда әлемнің күшті дамыған мемлекеттерінің бірі атанып отыр.

Біз де дамыған елдермен тең болуымыз үшін, ең алдымен өз уақытымызды тиімді басқара білуіміз қажет. Сол кезде, еліміз өзге дамыған мемлекеттермен дәрежесі тең болады деп сенемін.

Уақытты тиімді пайдалану «Тайм-менеджмент» деп аталады. Бұл ұғым уақыт ұйымдастыру техникасы, уақыт тиімділігін арттыру дегенді білдіреді. Уақытты басқару арқылы адам жұмыстарының орындалу шапшандылығын, сапасын арттыра алады. Сол себептен уақытты тиімді пайдалану жетістікке жетудің жолы.

Тәулігіне жиырма төрт сағат барлық жанға тең берілген. Ал жоспарланған істеріңді сапалы әрі тез орындау үшін, тайм-менеджменттің пайдасы өті зор. Ал енді уақытты жоспарлауды талқылайық: Алдымен бір күнде барлық орындалуға міндетті жұмыстарыңды тізіп жазу керек. Содан соң, оларды маңыздылығына қарай іріктеу және уақыт аралығында орындалуын белгілеу. Егер адам әр күнін осындай тәртіппен жоспарлайтын болса, ол жетістіктерге жете алады.

Жоспарланған жұмыстарыңды орындауда алдыңда көптеген кедергілер болады. Соның бірі ұялы телефон және интернет желілері. Адамдар интернет желілерінде аңғармай алтын уақыттарын босқа өткізіп алып жатыр. Сондықтан ұялы телефонға әуес болмаған жөн. Ол қазіргі таңда уақыттың қас жауы десек те болады.

Айтып кеткендей уақытты тиімді пайдалану арқылы жетістікке жеткен адамдардың бірі – Илон Маск. Ол да, күнделікті уақытын тиімді жоспарлап, жұмыстарының сапасын арттырып, биік жетістіктерге жетті.

Әрбіріміз, Илон Маскты өзімізге үлгі етсек, биік белестерге жетіп, мемлекетіміздің дамуына үлесімізді қоса аламыз деген ойдамын.

Өз ойымды ақын Мұқағали Мақатаевтің сөзімен қорытындылаймын:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!