Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

МИНИСТР ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі ең асыл мамандық иесі — Мұғалім. Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білімді бересіздер.

Сіздердің қажырлы, құрметті, жауапты жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіремін. Оқушылардың әрқайсысына деген мейірімділік, парасаттылық және кәсібилік сіздерде жеткілікті, сонымен қатар оларға деген махаббаттарыңыз жүректеріңізден өшпесін. Біздің өмірімізде әрқайсымыздың білімге деген құштарлығымызды оята білген Ұстазымыз бар десек, оларға өмір бойы алғыс білдіру маңызды деп есептеймін. Сыныпта отырған әр оқушы өзін дарынды, ақылды және ерекше бала екенін сезіне білсе, мұны мұғалімнің таланты деп білуіміз керек. Біздің елімізде талантты ұстаздар өте көп, олардың арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетуде.

Қымбатты әріптестер, Сіздерге денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс пен оқушыларыңыздың жоғары жетістіктерге жетуін тілеймін. Ең бастысы, біздің сүйікті еліміз гүлденіп дами берсін!

Құрметпен: Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Берекет Нұрай Нұрланқызы

Атырау облысы, Атырау қаласы, Ақсай селосы, Б.Момышұлы атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушысы
Берекет Нұрай Нұрланқызы
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекбергенова Базаргүл Балтабайқызы

Фаризаға арнау

Өз алдына кемеңгер жан, дара тұлға
Өзгелерден ерекше боп жаратылған
Адамдарда сізге қарап бой түзеген
Ақындарда мына сізден шабыт алған.

Үлгі алатын сізден жас та, кәрі де
Мына сізге таңғаламын әлі мен
Кішіпейіл ақкөңіл жан болғансыз
Араласып құраласып бәрімен. Продолжить чтение «Берекет Нұрай Нұрланқызы»

Жаңалықтар

ШҚО, Аягөз қаласы № 3 ЖОББАМ 10 «А» класс оқушыларының әзірлеген құттықтау видеосы

Жаңалықтар

Live story video