Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар цифрлық ортадағы өмірге қаншалықты дайын?

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өміріне айтарлықтай әсерін тигізді. Олай болса, жасөспірімдерді жаңа ақпараттық мәдениетке қалай дайындауымыз қажет? Мектеп «цифрлық заманның» өзгерістеріне қалай жауап беруі тиіс? Технологиялардың ілгері дамыған бұл заманында жетістікке жету үшін мектеп оқушыларына қандай қабілеттер қажет?

Осы және басқа да өзекті сұрақтарға жауап беру мақсатында 2018 жылы Қазақстан алғаш рет ICILS-2018 зерттеуіне қатысты. Зерттеуге әлемнің 14 мемлекетінен 46 000 оқушы және 26 000 мұғалім, соның ішінде қазақстандық 3 мыңнан астам оқушы және 2 630 мұғалім қатысты. Продолжить чтение «Қазақстандық оқушылар цифрлық ортадағы өмірге қаншалықты дайын?»