Жаңа сабақтар

Заманауи мұғалім тұлғасы — Адал ұстаз

Абиддулаева Инабат Абиддулақызы
Алматы қаласы № 198 жалпы білім беретін мектеп

Кез келген өркениетті елдерде қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жояды. Еліміздегі саясаттың бірі осы жемқорлықтың жолын алу. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл әрбір азаматтың міндеті. Продолжить чтение «Заманауи мұғалім тұлғасы — Адал ұстаз»

Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

БҚО білім басқармасы басшысымен сұхбат

TirizhaovaAҚазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, үйлесімді дамытуға бағытталған білім беру көзделіп отыр. Білім мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын БАҚ беттерінде ұстаз, ата-ана арасында түсіндіріп, пікірлесу қазіргі заман талабы қажет ететін маңыздылығы бар.

Осы тақырыптарды кеңінен насихаттау үшін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Тіріжанова Айымгүл Мақсұтқызының сұхбат сұрақтарына жауабын назарларыңызға ұсынамыз. Продолжить чтение «БҚО білім басқармасы басшысымен сұхбат»

Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Білім беру бөлімі басшыларымен сұхбат

Құрметті оқырмандар! Жақында Білім және Ғылым министрі Askhat Aimagambetov жеке парағындағы ақпарат бойынша өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармалары жанындағы call-орталықтардың нөмірлерін жариялады. (Сілтемесі: https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10214261398105122)

Республикалық 45minut.kz газеті редакциясы сілтемеде көрсетілген ақпараттарды https://45minut.biz/?p=131317 адресі бойынша жариялады. Сонымен қатар, редакция атынан басшыларға сұхбат үшін сұрақтарды әзірлеп, жеке парақшаларына хат жаздық. FB желісіндегі көрсетілген адрестегі 17 (Он жеті) басшының бірнешеуі ғана хатымызға жедел түрде жауап беріп, байланыста бар екенін білдірді. Өзге басшылардан ешқандай жауап болмады. Мүмкін, FB байланысқа жауапты маман уақыты шектеулі болғандықтан, хатымыз басшыға жеткізілмеген шығар. Дегенмен, Министр мырза байланыс адресін жазған соң хаттарға жауап беру қызметкерлер үшін міндетті екені ескерілсе деп білемін. Хатымызға жауап жазып, байланыста белсенді басшыларға айрықша алғыс білдіреміз.

СҰХБАТ CҰРАҚТАРЫ

  1. Облыс көлемінде білім беру жүйесін дамытудағы басым бағыттар туралы айтып берсеңіз?
  2. Сапалы білім беру қызметінде мұғалімнің кәсіптік деңгейі маңызды рөл атқарады. Сіздің ойыңызша Ұстаз қандай болуы керек және Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға қандай жұмыстар жасалуда?
  3. Үкімет отырысында ҚР БҒМ министрі А.Аймағамбетов мырза мұғалімдерді өзіне тән емес қызметке тартқандарға 120-АЕК-ке дейін айыппұл салынатынын хабарлаған болатын. Осы мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
  4. Әр ата-ана оқушылардың ас мәзірін күн сайын қадағалай алады — деген хабар БАҚ беттерінде жарияланды. Осы мәселе бойынша қандай пікір айтасыз, яғни ата-аналардың білім беру ісіне белсенділігі қандай дәрежеде? Оқушылардың тәрбиесі мен оқу үлгерімі мәселесінде ата-аналармен бірге қандай жұмыстар атқарылады?
  5. Қазіргі уақытта оқушылар бес күндік оқу жүйесіне және бағалаудың жаңа форматына өтті. Өзгерістер қандай нәтиже беріп отыр?
  6. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. ҚР БҒМ министрі А.Аймағамбетов мырза ФБ парақшасында «Ашықтық қағидаты» шеңберінде Білім және ғылым вице-министрлерінің, өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармалары жанындағы call-орталықтардың нөмірлерін жариялады. Облыс көлемінде «Ашықтық қағидаты» шеңберінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  7. «Ашықтық қағидаты» шеңберінде Облыстық, аудандық, қалалық бөлімшелердің және жауапты басшылардың байланыстарын жарияласаңыз деп өтініш білдіреміз.