Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


Шымкент қаласындағы университетте жүргізілген
жоспардан тыс тексерудің нәтижелері белгілі болды

2019 жылғы 5-15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-і сақталмағандығы анықталып отыр.

Жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының талаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерінің талаптары сақталмаған; жоғары оқу орындарының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталған. Продолжить чтение «БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»