Жаңа сабақтар

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі Елбасының, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минирстрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдың 5 шілдесінен бастап 30 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» атты республикалық акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен өткізіледі.

Осыған сәйкес, Алматы қаласы, Әуезов ауданы №116 КЖББ мектепте «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы іс-шаралар жоспары жасалып, ақпараттық стенд безендірілді. «Мектепке жол» акциясы туралы хабарламалар мектеп төңірегіндегі «Mon Аmiе», «Cotton», дәріханаға ілінді. №116 мектептің ұстаздары ата-аналар қауымдастықтарымен бірлесе қасақана «қыдырымпаздарды», панасыз, қадағалаусыз, мигранттар мен аз қамтылған отбасылардың және оқудан үнемі қалып жүретін балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізуде. Қазіргі уақытта №116 мектептің аз қамтылған отбасыларының 16 баласына қайырымдылық көмек көрсетілді.

№116 мектептің әкімшілігі мен ұстаздары, ата-аналары барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесуге өз жұмысын жалғастыруда.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы №116 КЖББ мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жумабаева А.Ж.