Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


Шымкент қаласындағы университетте жүргізілген
жоспардан тыс тексерудің нәтижелері белгілі болды

2019 жылғы 5-15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-і сақталмағандығы анықталып отыр.

Жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының талаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерінің талаптары сақталмаған; жоғары оқу орындарының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталған. Продолжить чтение «БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»

Жаңалықтар

Шығармашылық пен ұжымшылдыққа жетелеген «Өсу векторы»

БҚО, Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы, А.Хұсайынов атындағы
ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызы

16 тамыз 2019 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебінде Республикалық тамыз кеңесі аясында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологиялармен таныстыру және бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру әдістерімен тәжірибе алмасу бағытында екі күнге ұйымдастырылған «Білім болашаққа бастар жол» тақырыбындағы Республикалық ақпараттық-ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Продолжить чтение «Шығармашылық пен ұжымшылдыққа жетелеген «Өсу векторы»»

Жаңалықтар

Флагман военного образования пополнен курсанта ми

Флагман военного образования — Военно-инженерный институт радиоэлектроники и связи пополнился новыми курсантами. Более 130 абитуриентов со всех регионов Казахстана и стран СНГ, успешно сдавшие вступительные экзамены зачислены в передовой военный институт. Продолжить чтение «Флагман военного образования пополнен курсанта ми»

Жаңа сабақтар

Бос жұмыс орындарына конкурс

07.08.2019 ж

Бейнеу ауданының әкімдігінің «Күйкен» бөбекжайы» МКҚК уақытша бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.

1. Бейнелеу өнері маманы — 1 орын
2. Хореограф — 1 орын

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысушы мамандардың міндетті түрде өз қызметтеріне сай жоғары немесе арнаулы орта білімді болуы, біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігіне қарай еңбек өтілінің, санатының және тәжірибесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Балалар құқығы» туралы заңды және «Балармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарын», физиология және гигиенаны, педагогика, психология негіздерін білу тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 күнтізбе күннен кешіктірмей.

Қажетті құжаттар тізімі:
1.Өтініш
2.Жеке куәліктің көшірмесі
3.Кадрды тіркеу жөніндегі іс парағы
4.Өмірбаян
5.Білімін растайтын құжаттардың көшірмесі
6.Түйіндеме
7.Біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі
8.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
9.Денсаулығы туралы 086 белгіленген нысандағы анықтама

Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады:
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Шағырлы көшесі, 1Б үй, «Күйкен» бөбекжайы» МКҚК, 2 – қабат, қабылдау бөлме.
Анықтама телефондары: 8 (72 9 32) 50 – 3 — 02
Ұялы телефон: 8 705 860 05 22

Жаңа сабақтар

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі Елбасының, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минирстрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдың 5 шілдесінен бастап 30 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» атты республикалық акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен өткізіледі.

Осыған сәйкес, Алматы қаласы, Әуезов ауданы №116 КЖББ мектепте «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы іс-шаралар жоспары жасалып, ақпараттық стенд безендірілді. «Мектепке жол» акциясы туралы хабарламалар мектеп төңірегіндегі «Mon Аmiе», «Cotton», дәріханаға ілінді. №116 мектептің ұстаздары ата-аналар қауымдастықтарымен бірлесе қасақана «қыдырымпаздарды», панасыз, қадағалаусыз, мигранттар мен аз қамтылған отбасылардың және оқудан үнемі қалып жүретін балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізуде. Қазіргі уақытта №116 мектептің аз қамтылған отбасыларының 16 баласына қайырымдылық көмек көрсетілді.

№116 мектептің әкімшілігі мен ұстаздары, ата-аналары барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесуге өз жұмысын жалғастыруда.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы №116 КЖББ мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жумабаева А.Ж.

Жаңалықтар

«Әлеуметтік студенттік кредит»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды

2019 жылғы 2 тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ресми шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай, студенттерді әлеуметтік және қоғамдық — пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы басталады. Продолжить чтение ««Әлеуметтік студенттік кредит»»