Жаңалықтар

«Десанттық взвод» конкурсы

Пресс-релиз. 29.07.2019 жыл

Әскери десантшылар халықаралық армиялық ойындарға қатысу үшін Псков қаласына қонды.

V халықаралық армиялық ойындарының «Десанттық взвод» конкурсына қатысатын әскери қызметшілері Ресей Федерациясының әскери атағы шыққан Псков қаласына келіп жетті.

Қазақстандық команда Псковқа соңғылардың бірі болып қонды. Десантшылардың тасымалы Алматы-Ақтөбе-Чкаловск-Псков бағытымен өтті. Сайысты ұйымдастырушылар қазақстандық команданы ерекше көңіл мен жылу жүзбен қарсы алды. Дәстүрлі нан тұзын ұсынған қонақтар, отандық десантшыларды сайыс өтетін 76 гвардиялық десанттық-шабуылдаушы дивизияның үй-жайына қоныстандырды. Продолжить чтение ««Десанттық взвод» конкурсы»

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізілді

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Рауан Саурық Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Құрлық әскерлерінің әскери институты талапкерлерінің ата-аналарымен, талапкерлермен тікелей байланыста жұмыс істейтін әскери қызметшілермен кездесті.

Кездесу барысында әскери оқу орнына абитуриент қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңесін айтты.

Аталған шара аясында әділет капитаны Р.Саурық сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекетке келтірілген зардаптардың статистикасынан мысал келтірді.

  • Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілер мен талапкерлердің ата-аналарын қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында сұхбат жүргіздік, — деді әскери полиция жасағының өкілі.

Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірін ұсынып, жадынама таратты.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі