Жаңа сабақтар

«Мектепке жол» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамын

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Мемлекеттік қызметкерлерді, бизнесмендер мен меценаттарды, ректорларды және баршаңызды «Мектепке жол» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамын»

Ендігі кезекте материалдық көмек көрсету үрдісі «Мектепке жол» акциясын өткізу кезеңімен шектелмей, жыл көлемінде жалғасатын болады. Осы жылы алғаш рет аталған акция шеңберінде «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы іске қосылды. Көзделген басты мақсат — көмекке мұқтаж жандар мен қайырымдылық жасайтын азаматтардың арасында байланыс орнату және көмекке зәру адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін жауапсыз қалдырмау. Продолжить чтение ««Мектепке жол» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамын»

Жаңа сабақтар

100 мұғалім білім жобаларын ұсынады

26 шілде Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қаржыландыруымен АҚШ-тың Ball State University (Болл Стейт) зерттеу университетімен жүзеге асырылған үш апталық оқытушыларға арналған кәсіби даму бағдарламасының салтанатты жабылуы өтеді. 100 мұғалімнен құралған 25 топ өз жобаларын іс-шараға қатысушы қонақтарға, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Теодор Лингке, Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Нұрділдәқызы Даироваға таныстырады. Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстандағы орта мектептерде үштілді білім беруді жетілдіру және қатысушылардың оқу-әдістемелік материалдар қорын байыту.

ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментімен тығыз қарым-қатынастың арқасында 2019 жылдың сәуірінде Болл Стейт университетінің профессорлары Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Өскемен және Ақтөбе қалаларының 50 ғылыми-жаратылыстану пәндері және 50 ағылшын тілі мұғалімдеріне жобалық оқыту негізіндегі кәсіби даму тренингін өткізді. Мамыр мен маусым айларында орта мектеп мұғалімдері онлайн оқу өтіп, 100 мұғалімнің барлығы Нұр-Сұлтан қаласында 8-26 шілде аралығында ұйымдастырылған тегін кәсіби дамыту тренингісіне қатысуға мүмкіндікке ие болды.

Өтетін орны мен уақыты: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр көшесі, 53 (Тұран даңғылы жағынан), Назарбаев Университеті, Ballroom залы, С2 блок. 26 шілде. Басталуы: сағат 10.30-де.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: astanapress Айдана Кеңесбаева, телефон: (7172) 70-23-16, +7 (777) 533-04-57

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Жаңа сабақтар

«Мектепке жол» платформасы іске қосылды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы іске қосылды

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу жыл сайынғы игі дәстүрге айналған. Ендігі кезекте материалдық көмек көрсету үрдісі аталған акцияны өткізу кезеңімен шектелмей, жыл көлемінде жалғасатын болады. Осы жылы алғаш рет аталған акция шеңберінде «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы іске қосылды. Көзделген басты мақсат — көмекке мұқтаж жандар мен қайырымдылық жасайтын азаматтардың арасында байланыс орнату және көмекке зәру адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін жауапсыз қалдырмау. Продолжить чтение ««Мектепке жол» платформасы іске қосылды»

Жаңа сабақтар

Білім беру гранттарын тағайындау

2019 жылғы 25 шілде күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің төрағалық етуімен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, ректорлар кеңесі, БАҚ, «Жас Отан» жастар қанаты, студенттер Альянсы, үкіметтік емес ұйымдардың, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдері, ҚР БҒМ қызметкерлері кіреді. Продолжить чтение «Білім беру гранттарын тағайындау»

Жаңалықтар

Танымал ақын Бекжан Әшірбаевпен кездесу өтті

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Жас қалам» атты жас оқырмандар үйірмесінің поэзия сағатына арнайы танымал ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев келді.

Жас оқырмандарға ақындық өнердің қыр-сырлары мен өзінің шығармашылығы туралы айтып берді. Ақын алғашқы өлеңін мектеп қабырғасында жаза бастапты. Ер жете келе лирикаға ойысқан.

Қазіргі таңда поэзия әлемінде пәлсафаға бай терең ойларды жырлап жүрген ақын жастарға ұлтымыздың құндылықтары туралы әңгімелеп, адамгершілік, патриоттық тәрбие жөнінде ойларымен бөлісті. Қалай десек те, ақынмен болған қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ сақталмақ.

Бұл шараның мақсаты – заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін тұлға қалыптастыру.
Үйірме бағдарламасы аясында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірген Түрік қағанатының батыры туралы «Күлтегін» мультфильмі көрсетілді.

Сондай-ақ, кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттер жайлы кеңінен таныстырумен қатар, балаларға көркем поэзияны оқытуды үйретті. Шара соңында балалар оңалту кабинетінде ашылған шахмат, дойбы және тағы басқа спорттық ойындар үйірмесінде ойын ойнап, караокамен ән шырқады.