Жаңалықтар

Абай шығармашылығына арналған өлең оқу эстафетасы — #abai175

Instagram және Facebook желілерінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл челленджді желі қолданушылары таратып жатыр. Челлендж #abai175 хештегімен белгіленген.

Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді. Сондай ақ, Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

https://www.instagram.com/tv/BzsknlnBloN/?igshid=mhuki5liky9o

Жаңалықтар

Юбилей генерала отметили в военном институте

В Военно-инженерном институте радиоэлектроники и связипрошло торжественное мероприятие, посвященное 80-летнему юбилею генерал-майора Алмасбека Абдрахманова.

На торжественном мероприятии приняли участие ветераны Вооруженных Сил, военнослужащие Алматинского гарнизона, а также курсанты ВИИРЭиС. Продолжить чтение «Юбилей генерала отметили в военном институте»

Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Хан Шатыр» сауда-ойын орталығындағы «Sky Beach Club» бассейнінде қайтыс болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 3 маусым күні өтініш келіп түсті. Аталған жағдай бойынша барлық мәселелер ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты, 9-10 шілде аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің қызметіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды. Продолжить чтение «БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»