Жаңа сабақтар

Болашақ қаласы зияткерлердің жобаларында

Павлодар қаласында өткен робототехникадан бүкіләлемдік олимпиаданың республикалық біріншілігінен алматылық оқушылар командасы жеңіспен оралды. Биыл Бүкіләлемдік олимпиаданың тақырыбы — «SMART CITY» — Ақылды қала. Жарыста Қазақстанның барлық аймақтарынан келген екі жүзден астам қатысушы әзірлеп әкелген болашақ қала жобаларын паш етті. Біріншілік жеңімпаздары, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Никита Носков пен Даниил Прохоренко толығымен автономды режимде бірқатар миссия орындайтын робот әзірледі. Чемпиондардың роботы барлық тапсырмаларды 100 пайызға орындап, алға шықты. Продолжить чтение «Болашақ қаласы зияткерлердің жобаларында»