Жаңа сабақтар

Курсанттар алғашқы мемлекеттік емтихан тапсырд ы

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 1 курс курсанттары үшін емтихандар легі басталды. Алғашқы мемлекеттік емтиханнан «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша ауызша әскери істегі радиотехника және инжиниринг взводының курсанттары өтті. Мемлекеттік сұрақтарда тәуелсіз Қазақстан тарихы мен елдің даму стратегиясы және Елбасының Жолдауы маңызды орын алды.
Мемлекеттік емтиханның төрағасы институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Дархан Үмбетов курсанттардың емтихандарды сәтті тапсырып, жоғары нәтижелі білім сапасын көрсететініне сенім білдіретінін атап өтті.
— «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған бағалары курсанттардың дипломына енеді. Сондықтан курсанттардың дайындықтары да жоғары. Оған қоса, егеменді еліміздің тарихы болғандықтан сұрақтар күрделі, талап та жоғары, — деді өз кезегінде подполковник Дархан Үмбетов.
РЭжБӘИИ-дің 1 курс курсанттарының жазғы емтихандары 27 маусымға дейін жалғасады.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі