Жаңалықтар

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Түркістан қаласы Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияда “Сыңғырла, соңғы қоңырау!” атты мектеп бітіруші түлектеріне арналған салтанатты жиын өтті. Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия директоры Ж.А.Орынбаева салтанатты жиынды ашық деп жариялап, құттықтау сөз сөйледі.

Республикалық, облыстық, қалалық олимпиада бойынша жүлдегер атанған “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп бітіруші түлектері қимас сезіммен ұстаздарға, ата-аналарға деген шын ықыласты алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін ортаға салды.

Арнайы қонақ ретінде шақырылған Керн С.Н., Спирина Н.П., Қасымова Ж.Ә., Аймұратов Т.И., Бейсебаева А.А., Атаханова М.Д., Дадашева Н.А.,Никитина М.В. сынды зейнеткер -ардагер ұстаздар салтанатты жиынның төрінен орын алды.

Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері Сералиева Ж.О. мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздарды, ата-аналарды құттықтап сөз сөйлеп, Некрасов атындағы № 9мектеп-гимназия директоры Ж.А.Орынбаеваны Түркістан облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен марапаттады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.К.Жорықбаева, Г.М.Наурызбаевалардың шебер ұйымдастыруымен өткізілген мағыналы да мәнді салтанатты жиын оқушылардың жадында ұзақ сақталады.

Салтанатты жиыннан кейін 11-сынып жетекшілері О.В.Матвиенко, М.И.Раджапова, Б.Б.Рахматуллаева, Ж.К.Меңлібековалар шәкірттерін қанаттандыратын, болашаққа бағыт-бағдар нұсқайтын ашық тәрбие сағатын өтті.

Қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет соғылды. Сонымен 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып жаңа Өмірге қадам басты. Мектеп бітіруші түлектердің қадамдарына сәттi сапар, Өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!

Несіпкүл Өтебаева, Түркістан қаласы.

Жаңа сабақтар

«Сарайшық-мәңгілік ел мұрасы»

Атырау облысы Атырау қаласы

Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің

9 сынып оқушысы Ақылбаева Қымбат

Жетекшісі: Бектлеуова Шынар Турганбаевна

Жоба тақырыбы: «Сарайшық-мәңгілік ел мұрасы»

Мазмұны

I.Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………3-4

1.1.Сарайшық-тарихи мекен………………………………………………………………………………………..4-6

II.Негізгі бөлім

2.1.Сарайшықтың географиялық орны…………………………………………………………………………6-8

2.2.Сарайшық аталу себебі?……………………………………………………………………………………….8-10

2.3Сарайшық-әулиелі,қасиетті жер…………………………………………………………………………..10-15

2.4.Болашақтағы Сарайшық…………………………………………………………………………………….15-21

III.Қорытынды…………………………………………………………………………………………………………21-23 Продолжить чтение ««Сарайшық-мәңгілік ел мұрасы»»

Жаңа сабақтар

Сыйхымбаева Мансия Сембековна

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектеп

Химия пәнінің мұғалімі: Сыйхымбаева Мансия Сембековна
Сынып : 8 Барлық оқушы саны: 25 Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар олардың құрамы, жіктелуі, аталуы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсат 8.3.4.13 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйренеді. Қышқылдардың құрамын, алынуын сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге дағдыланады. Продолжить чтение «Сыйхымбаева Мансия Сембековна»