Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚР БҒМ мектеп бітіру кешін қымбат шараға айналдырмай, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынады

Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарлама жиі түседі. Ол көптеген ата-ана үшін отбасылық бюджетке салмақ салатыны анық.

Мұндай хабарламаларға жауап ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан мектеп бітіру кешін ақшаны үнемдеу үшін кафе, ресторандарда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, министрлік мектеп бітіру кешінің мақсатын сәнді киімдер мен мол дастарханды көрсету емес, шын жүректен, жақсы ұйымдастырылған шара ретінде балалардың, мұғалімдер мен ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп есептейді.

Мектеп бітіру кешінің форматы қымбат әрі сән-салтанатқа толы кеш болмауы керек. Жылдар бойы тұлғаны қалыптастыруда талмай еңбек еткен педагогтар мен ата-аналар және бүгін мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басып жатқан кештің басты кейіпкерлері — түлектер арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал.

Аталған кеште оқуда озат, жетістікке жеткен, мектеп, аудан, қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, интеллектуалдық жарыстарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан балаларды құрметпен атап өту – орынды.

Түлектер мектеп бітіру кешін педагогтардың көмегімен креативті бағдарлама дайындап, ата-аналарына, сүйікті ұстаздарына және жанына жақын сыныптастарына алғыстарын білдіретін мағыналы әрі қызықты форматта ұйымдастыруына болады.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Тантаева Райхан Калимовна

Атырау облыстық

тіл мүкістігі бар балаларға

арналған №3 мектеп интернатының

тәрбиешісі Тантаева Райхан Калимовна

Тақырыбы: Тәуелсіздік – Тәңірдің тартуы ( танымдық сайыс )

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.

Коррекциялық мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерей тойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Продолжить чтение «Тантаева Райхан Калимовна»

Жаңа сабақтар

Кусаинова Жумакуль

Жамбыл облысы Шу ауданы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кусаинова Жумакуль

Сабақ тақырыбы: «Kazakhstan is my Motherland»

Ағылшын тілі сынып
Сабақтың тақырыбы: Kazakhstan is my motherland. Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Менің отаным тақырыбында білімдерін жинақтау
Күтілетін нәтижелер: Қазақстанның георгафиялық орналасуы, халқы, астанасы туралы ағылшын тілінде айта алады.
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, видеожазба
Оқытудың әдістермен модульдері: Синквейн, деңгейлік тапсырма, бинго, домино

Продолжить чтение «Кусаинова Жумакуль»