Жаңалықтар

«BALA QORǴAÝ» чат-каналы құрылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чат-каналын құрғанын хабарлайды.

Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады.

Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деген жолды жазу қажет.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Жаңалықтар

«Көктемгі» ҰБТ қорытындысы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Талапкерлер үшін жазғы тестілеуден бөлек Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыру мүмкіндігі туып отыр. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсуі үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез-келгеніне қатысып, шекті балл жинауы жеткілікті. Ал, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. Продолжить чтение ««Көктемгі» ҰБТ қорытындысы»