Жаңа сабақтар

Турахбаева Эльмира Танатаровна

Атырау облысы, Атырау қаласы «Ақкөл жалпы орта мектебі»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Турахбаева Эльмира Танатаровна

  • Тема урока: Летит над степью звук домбры.
  • Тема урока: Как стать лучшим в своем деле?.
  • Тема урока: П.Н.Васильев. Стихотворение «Иртыш»
  • Тема урока: Бессоюзное сложное предложение (БСП)
  • Тема урока: Г.Н.Троепольский «Белый Бим Черное ухо»

Материалдар сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1OiY1qD6vJ7qDos6BwFtcRfIWvZ58zUoP?usp=sharing

Жаңалықтар

ҚР БҒМ мен Beeline Қазақстан компаниясы ортақ меморандумға қол қойды

2019 жылғы 29 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі менBeeline Қазақстан компаниясы ортақ меморандумға қол қойды. Құжатта білім беру саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық, индустриялық-инновациялық даму, цифрландыру мәселесі, технологиялық шешімдер, арнайы тарифтік ұсыныстар, бірлескен ақпараттық және басқа да іс-шараларды өткізу қарастырылған. Меморандумның іске асырылу уақыты – созу құқығымен қоса үш жыл. Қол қойылған құжат ынтымақтастық аясын кеңейтуге септігін тигізетіндігіне екі жақ та сенімді.

«КЛАССный» тарифтік жоспары интернет-трафикке ақша төлемей-ақ Қазақстан бойынша электронды журналды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді.

«БізBeeline компаниясына білім саласын цифрландыруға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл – бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Тарифтік жоспар мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға электронды журналды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бұл тариф арқылы электронды журналды қолданушылар интернет үшін бір теңге де төлемейді», — деді вице-министр.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.