Жаңалықтар

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТКЕ КӘСІПКЕРЛЕР АЛҒЫСЫ

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің барлық бизнес-қауымдастығы атынан отандық кәсіпкерлікке танытып отырған әр қолдауыңызға аса құрмет пен шексіз алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз!

Егемендігімізді алып, мемлекетімізді көркейтіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгізу жолындағы жасалған әр сындарлы қадам — Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еншісінде екені сөзсіз. Бұл жолдағы жеткен әр жетістікке тек еліміз ғана емес, барша әлем куә. Продолжить чтение «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТКЕ КӘСІПКЕРЛЕР АЛҒЫСЫ»

Жаңалықтар

Елбасыма жүрекжарды алғысым

19.03.2019 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам алдында Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің жаңа міндетін атап айтты!
Дәл осы сәтте қимастық сезіммен тебірене отырып, шексіз алғысымды білдіргім келеді. Осынау Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаңырағы биікке көтерілді. Мен үшін Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесіне қызмет еткен көреген басшы. Әлі есімде, 1996 жылы «Дарынды балалармен кездесуіне» мені арнайы шақырған болатын. Сол сәтте Елбасының әрбір жалынды сөзінен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілікті ұқтым,  елімнің, ата-бабаларымыздың бақытты ұрпағы болғанымды ерекше мақтан еттім. Продолжить чтение «Елбасыма жүрекжарды алғысым»

Жаңалықтар

«Наурыз Challenge»

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі уақытта жалғасын тауып отыр. Биыл елімізде Наурыз мерекесі қарсаңында көпбалалы отбасы қуаныштарын еселей түсті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің игі бастамасы аясында «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесі Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз Challenge» қайырымдылық эстафетасын жалғастырып отыр. Осы орайда, Алматы қаласындағы бірқатар көпбалалы отбасыларына киім-кешек пен азық-түлік таратып, көмек көрсетті.

«Бұл шараның негігі мақсаты – Елбасының көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету және балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатын іске асыру. Мұның бәрі – елдігіміздің айғағы. Біздің ұжым қайырымдылық эстафетасын Семей өңіріндегі Ұлылар жатқан қасиетті жердегі Абай атындағы «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне жолдайды», – деп атап өтті Орталық мемлекеттік архив директоры Арнұр Қарымсақов.