Жаңа сабақтар

Республикалық олимпиада алғаш рет онлайн-режимде көрсетіледі

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысының әкімі қолдауыменжаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Ақтөбе қаласында 15-20 наурыз аралығында республикалық олимпиада өткізеді.

Оқушылардың олимпиадаға қатысу барысында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 21 жыл ішінде алғаш рет олимпиада онлайн-режимде көрсетіледі (бейнетрансляцияға сілтемелер ҚР БҒМ әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланатын болады).

Ендігі кезекте кез келген адам олимпиадаға виртуалды қатыса алады және оқушылардың жауаптарын тексеру кезінде қазылар алқасы мүшелерінің жұмысының объективтілігіне көз жеткізе алады. Олимпиада Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өтеді. Продолжить чтение «Республикалық олимпиада алғаш рет онлайн-режимде көрсетіледі»