«Дене шынықтыру пәнін оқыту үрдісінде зияткерлік технологияларды қолданудың негіздері»

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған
облыстық арнайы мектеп интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Елтай Куанышұлы Альмуханов

Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Ұстаз үшін ең маңызды мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбилеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс тәсілдерді қолдана білу. Читать далее

Қазақ халқынын ұлттық ойыны — Асық

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған
облыстық арнайы мектеп интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Елтай Куанышұлы Альмуханов

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «…Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Читать далее