Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары

Аты-жөні: Жолдасқали Аяулым Сапарғалиқызы
E-mail: zholdaskali.ayaulym

Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты олып табылады. Л.С.Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді». Қазіргі кезде тілдің жалпы дамымауы, сонымен қатар ПДТ балалар саны көбейіп отырғаны анық экологиялық және экономикалық дағдарыспен байланысты.
Психикалық дамуы тежелген балалардыңклиникалық– психологиялық ерекшеліктері ПДТ балалар деген термин 5-6 жастан 10-12 жас аралығында жиі кездесетін психикалық дамуы әртүрлі дәрежеде тежелуі немесе уақытша дамымауы нәтижесінде мектеп жасына келсе де, балалық мінездерден, ойындардан өзі қатарлы балалармен салыстырғанда әлі жетілмеген балалар тобына қолданылады.
ПДТ балаларға тән белгілер олардың жалпы танымдық әрекетінің дұрыс қалыптаспауынан, сезімдік, эмоционалдық жігер, жеке басына көзқарасының төмендеуінен туындайды. Бұл өзгерістер өтпелі, егер балалардың жалпы жағдайы жақсарса, оларға көзқарас өзгеріп, орын алған паталогиялық процестер анықталып , дер кезінде емдеу, педагогикалық түзету әдістері қолданылса кемістік белгілері жеңілденіп, балалар өздері қатарлы қалыпты дамыған балалармен бірдей дәрежеде қалыптасуы мүмкін.
Психикалық дамудың тежелуінің жиі кездесетін белгілері: енжарлық, қызықпаушылық, өзіне – өзі сенбеушілік, тез жалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта – жігерінің төмендеуі бұл жоғарғы жүйке жүйесінің қызыметінің негізгі болып саналатын қозу (возбуждение) және тежелу (торможение) процестерінің тепе-теңдік заңдылықтарының бұзылуынан туындайды. Осымен қатар кейбір балаларда көру, есту, қимыл – қозғалыс талдағыштарының әрекетіде жетілмеген, ал олардың балалардың дұрыс қалыптасуына әсері зор.
Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетінің қалыптасуы Сөйлеу және ойлау қабілетін меңгеру процесі адамның үлкен ми сыңарлары қыртысында- ғы шартты байланыстардың негізгі бөлігі міндетті және басым түрде сөз тітіркендіргіш — терінің қатысуымен түзілуіне әкеліп тірейді, бұл жағдай жағымды, сондай – ақ жағымсыз шартты байланыстардың түзілуін тездетеді.
Сөйлеу қызыметінің құрылымы өте күрделі және келесі процестерден тұрады: — Фонетикалық (дыбыстық) және сөйлем шығару; — Фонематикалық (сөз мағынасын тану); — Лексикалық, грамматикалық.
Тіл мүкістері аталмыш процестердің жекелеген немесе комплексті бұзылуларына байланысты болады.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасындағы сөйлеу қатынасын қалыптастыруда педагогтың рөлі өте зор.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.