«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Шайхиева Гульнафис Максотовна

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы, А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

Білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады. Олай болса, бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Озық ойлы, тапқыр да нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт бағдар беру, ой- өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Баланың жеке басының шығармашылығын, қабілетін, дарындылығын дамыту мәселесі ежелден-ақ ұлт ойшыларымыз Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған сондықтан олар өз еңбектеріне және тұлға қабілетін дамытуды үнемі көздеп отырған. Читать далее

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Сапаргалиева Сара Шаймуратовна

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары.

Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. Бұл үрдіс жаңа білім парадигмасының қалыптасуына әкеледі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алуарқылы дамуын қоятынын баршамыз да түсіндік. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет». Елбасы сөзі отандық педагогтарды қамшылауда. Қазір біздер оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу арқылы оқыту мазмұнын жаңартудамыз. Читать далее