Дені саудың -жаны сау.

Атырау облысы Исатай ауданы

Аққыстау ауылы «Өркен»

бөбекжай-балабақшасы санаторлық

топ тәрбиешісі

Хуаншбекова Ботакөз Абуханқызы
more

Білім саласы Өтпелі тақырыбы Мақсаты Әдіс-тәсілі
«Коммуникация»

«Шығармашылық»

Дені саудың -жаны сау. Жемістер жыры өлеңнің мазмұның ашу, жемістер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру,көркем сөздерін түсіну, ойлау қабылетін дамыту,олардың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту, табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Балаларға жемістерді бастыру әдісімен сурет салғызу, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап, триз әдістері, көрнекілік
Апта тақырыбы Көрнекілігі
Жеміс бағында Слайд, көкіністер мен жемістер,суреттер.
Ұйымдастырылған кіріктірілген оқу қызметтері Сөздік жұмыс
Жеміс,көкініс, алма.
Қостілділік
Көркем әдебиет

Сурет салу

Алма-яблоко.
Тақырыбы
Жемістер жыры.

Тәтті алма.

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің қызметі Баланың қызметі
Ұйымдастырушы Балалар, біздің тобымызға біреу келген секілді кім екен?

-Алтын күз біздің тобымызға қош келдің.

Алтын күз:

-Ия балалар салеметсіңдер ме, көңіл-күйлерің қалай жақсы ма?Мен құр бос келген жоқпын сендерге берер сыйым бар.Мен сендерге тапсырмалар берем, сол тапсырманы орындаған балаға тәтті алмаларымды беремін.

Балалар естідіңдер ме, бізге беретін сыйлығы бар екен алтын күздің, тапсырмаларын орындаймыз ба?

Алтын күздің тапсырмаларын орындамас бұрын бәріміз бірге шеңбер бойымен айналып тұрып.

«Күз-жомарт» әнін орындайық:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі.

«Күз-жомарт» ,-дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

Балалар таңданыспен қарап таңғалады.

Балалар алтын күзді көріп таңғалып қуанады.

Сыйлық алатыңдарын естіп берген тапсырманы барынша орындауға тырысады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырушы- ізденістік -Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар? -Қандай жемістерді білесіңдер?

-Ал көкіністер мен жемістердің айырмашылығы неде? Ия дұрыс айтасыңдар жемістер ағашта өседі, ал көкіністер жерде, яғни топырақта өсіп-өнеді.

-Ал енді, балалар мына жемістер жырларын тыңдайық.

Өрік:

Мен өрікпін,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

-Балалар өріктің түсі қандай?

Өрік піскенде қызғылт сары түсті болып табиғатқа ерекше көрік беріп тұрады.

Жүзім:

Мен жүзіммін,жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

-Балалар осы айтылған жеміс ол жүзім болып келеді.Өлеңде айтылғандай жүзім моншақ болып тізіледі.

Алма:

Нарттай қызыл алмам бар, Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем, Тілдей балдай үйірем.

-Осы өлеңде айтылғандай алма жемісінің нарттай қып-қызыл болып келеді.Жазда ол әртүрлі түске бөлінеді.Ол біресе жасыл , сары немесе қызыл түске енеді.Оның дәмі кәдімгі балдай тілді үйіреді.Алтын күз

жемістер жырында айтылған жемістердің ішінен тәтті алманы бастыру арқылы ақ қағаз бетіне салуымызды өтініп сұрап тұр ,ол үшін алма пішінін бояуға батырып қағаз бетіне түскенше батырамыз.Ол үшін алма пішінін қолдарына алып аса мұқияттылықпен бояумызға батырып бастырайық.

Балалар шаршасаңдар сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Күз мезгілі.

-Алма.

-Жүзім -Өрік.

Балалар қолдарымен жемістерді ұстап, көлемін, түсін анықтайды. Оларды қарап, бір-бірімен салыстырады.

Балалар жемістер жырын тәрбиешімен бірге

қайталап сұрақтарға жауап беруге талпынады.

-Алма жемісі туралы айтқан әңгімелерді мұқият тыңдайды

Балалар суретті бастырып салуға тырысады.

Сергіту сәтін жасауға талпынады.

Жетекші-жөндеуші Балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, не үйренгендерін сұрап қорытындылайды Сұраққа жауап беруге тырысады.
Күтілетін нәтиже
Біледі Игереді Меңгереді
Жемістер мен көкінестерді ажырата білуді.

Алманың түсі мен пішінін

Жемістер туралы түсініктерді

Алманы бастыру әдісімен салуды

Үлкендердің еңбегін бағалай білуді.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.