Молдашева Ряш Габдрахимовна

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы

Казталовка орта жалпы білім беретін

мектебінің жоғары санатты география пәні мұғалімі

Молдашева Ряш Габдрахимовна

Сыныбы: 9 Пән атауы: География

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның тамақ өнеркәсібі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның тамақ өнеркәсібі құрылымы, салалары, таралу аймақтары жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Бірлескен топтық жұмыс негізінде өз беттерімен ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, сыни ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, сөйлей білу, коммуникабельділік мәдениетін арттыру, топ ішінде өзара сыйластыққа, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

2.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

  1. Тамақ өнеркәсібі туралы білу
  2. Тамақ өнеркәсібі оқыту мақсатын түсіну

  3. Тамақ өнеркәсібінің түрлерінің анықтау

  4. Тамақ өнеркәсібініңэкономикалық ролін талдау

  5. Тамақ өнеркәсіп ұғымдарына сипаттама жасау

6 Өз Отанына сүйіспеншілігін арттыру, Отансүйгіштік түсініктерін қалыптастыру

3.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

4.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

5. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқушыларға қосымша тапсырмалар беру

6. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, оқыту үшін және оқуды бағалау,сыни ойлауға үйрету, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялық іс- әрекет: «ой шақыру», «ротациялық» әдіс, СТО, рефлексия, «кластер»әдісі, топтық бағалау.

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
1 мин Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

Шағын топтарға бөлу

Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді.Сабаққа ынталары оянады.

3 топқа бөлініп отырады.

5 мин «Тұсаукесер» Топтардың өздерін таныстыруын сұрайды. Әр топ тақырыпқа сай өз тобының таңдап алған топ атауын таныстырады және дайындап әкелген тағамдарын таныстырып, ол туралы мағлұмат беріп өтеді. Топ атаулары жазылған табличкалар:

1.«Ет тағамдары», Балық өнеркәсібі

2.«Сүт тағамдары», «Кондитер өнімдері»,

3.«Ұннан жасалған тағамдары».Қант өнеркәсібі

Оқушылардың дайындап әкелген тағам түрлері.

4мин «Ой шақыру» Топтарға тамақ өнеркәсібінің салаларына сұрақтар таратады. Топтағы оқушылар бірлескен жұмыс арқылы өз тобының атауына Топтан бір оқушы шығып топ жұмысын таныстырады ҚР экономикалық картасы,
10 мин «Автобус аялдамасы»

Ротациялық әдіс

«Тамақ өнеркәсібінің және Өз облысыңда қандай салалары дамыған?» деген сұраққа кластертер құру тапсырылады. Әр топ тақырыпқа сай плакаттарға постер құрады.Басқа топ оқушылары сызбаны толықтырып отырады.Осылайша толықтырылған флипчарт алғашқы топқа қайтып келген кезде, топтан бір оқушы шығып, оны қорғайды. кластерлер құруға арналған плакаттар, маркерлер, т.б.
10 мин «Мозаика»

Шығармашылық кезең

«Қазақстанның тамақ әнеркәсібі» тақырыбына оқушыларға алдын ала берілген шығармашылық тапсырмаларын орындауға кезек береді. 1. топ:«Ет тағамдары», «Балық өнеркәсібі»

2.топ:«Сүт тағамдары «Кондитер өнімдері»,

3.топ: «Үннан жасалған тағамдары», «Қант өнеркәсібі»

Әр топ өз тақырыбына сай көрнекіліктер дайындайы. , постер құру арқылы қорғайды.
5 мин «Қалай ойлайсың?»

Сыни ойлауға арналған тапсырма

« Инновация игілігі»

тақырыбындағы бейнефильм көрсетеді. Оны топта талқылауды ұсынады.

Есептер шығару

Топта талқылайды және тұжырым жасайды.

Фильм мазмұнына байланысты ой қорытады және топтан бір оқушы өз ойын айтады.

Бейнефильмнен алынған фактілер Өзіндік пікірі
Бейнефильм
1 мин Үйге тапсырма «Тамақ өнеркәсібі»тақырыбын оқу, кескін картаға тамақ өнеркәсібінің орталықтарын белгілеу. Күнделіктеріне жазып алу. Үй тапсырмасы жазылған слайд
2 мин Бағалау Сабақ барысында сабаққа жауап берген оқушыларға жүрекшелер таратып жүреді және сол арқылы формативті бағалау жүйесін қолданады.Толтырылған парақшалар арқылы суммативті бағалайды. Әр топтың көшбасшысы оқушылардың жауап беруін қадағалап отырады және топ топ мүшелерімен ақылдаса отырып қорытынды бағасын бағалау парағына толтырады. Бағалау парағы.
2 мин «Рефлексия» — Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады?Нені жақсарту қажет деп ойлайсыңдар? Стикерлерге сабақтан алған әсерлері бойынша «Тазалық» әдісі арқылы рефлексия жасайды. Рефлексияға арналған плакат және стикерлер

= екі ұнаған нәрсе

– жақсартуды қажет ететін нәрсе.

Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні «Автобус аялдамасы»

Ротациялық әдіс

«Мозаика»

Шығармашылық кезең

«Қалай ойлайсың?» Ұпай саны
1 Әділгерей Әділбек 4 5 5 14(4)
2 Бақытова Гүлназ 5 4 5 14 (4)
3 Тұрсынова Гүлдәурен 5 5 5 15(5)
4 Шаймарданов Нұрдәулет 5 5 5 15(5)
5 Рамазанов Алтынбек 4 4 4 16(5)

Тамақ өнеркәсібіне арналған есептер:

Есеп № 1.Батыс Қазақстанда жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары жылына 220-250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Осындай жұмыртқалайтын 300 тауық бір жылда қанша жұмыртқа береді?

Жауабы: 66000 жұмыртқа, 75000 жұмыртқа

Есеп № 2.Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріліп өрістейді. Еті құнды, уылдырығы өте бағалы балық. Ол қандай балық?

Жауабы: Бекіре

Есеп №3.Қазақстандағы түбітті қоянның қолтұқымдарына татар, ангор үйқояндары жатады.Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Әр үйқояннан 360-500 г түбіт алынады. Мұндай 110 қояннан қанша түбіт алуға болады? 360х110/39,600. 500х110/55000

Жауабы: 39600 г, 55000 г

Есеп №4. Батыс Қазақстанда омарташы өсіріп отырған бір жұмысшы бал арасы 1 минутта 12 гүлге, ал 1 күнде 7200 гүлге қонады. Омарташыда барлығы 5000-дай жұмысшы арасы бар. Бір тәулікте бұл жұмысшы бал аралар қанша гүлді тозаңдандырады? 7200х5000/ 36 000 000

Жауабы: 36 000 000 гүлді тозаңдандырады.

Есеп № 5.Қазақстандағы бидай — аса бағалы астық тұқымдасына жататын өсімдік.Ауыл шаруашылығында бидайды сыртқа сату дұрыс жолға қойылған. Осы бидай тұқымын егудің негізгі әдісі –тар қатарлы және айқаспалы себу. Тұқымды сіңіру тереңдігі 5-6 см. Тұқымды себу нормасы 1 гектарға 160-250 кг. 2600 гектар жерге қанша килограмм бидай егіледі? 160х2600/416000. 250х2600/650,000

Жауабы: 416000-650000 килограм бидай егіледі

Есеп № 6.Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында 9 бұғы шаруашылықтарында қазіргі кезде 6 мыңнан астам бұғы бар. Бұл бұғылардың сүйектенбеген мүйізінен өте бағалы дәрі алынады. Ол қандай дәрі?

Жауабы: Пантокрин

Есеп № 7.Қазақстанда күркетауықты бағу жыл санап өсіп келеді. Оның еті сіңімді, құнарлы.Орташа салмағы 9-12 кг. Етінің құнарлы болуы құрамында қандай бағалы органикалық зат мол болуына байланысты? Жауабы: Нәруыз

Реклама