Кушекенова Алтынай Талаповна

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қособа ауылы

Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Кушекенова Алтынай Талаповна

Күні:

Сынып: 1

Сабақ: Сауат ашу

Мұғалім: Кушекенова А.

Қатысқандар саны: 4

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.2.1Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

1.3.11.1Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа Ә дыбысы мен әрпін танып, ажыратуды, таңбаны жазуды меңгереді.

Көбі: Мәтінді түсінеді, оқу түрлерін қолданады.

Кейбірі: Алған білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдана алады. Ойын жүйелі жеткізеді.

Ойлау дағдылары Білу және түсіну, қолдану
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Алдыңғы білімдері З дыбысы мен әрпі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Алдыңғы білімдері

(МК; С) Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.

(МК; Ұ) Шаттық шеңбері: Шеңберге жиналып, үштілде сәлемдесу.

Үш түсті ленталар бойынша топқа біріктіру

(қызыл, жасыл, сары). Топ ережелерімен таныстыру.

(МК; С; Қ) Сұрақ-жауап

-Жылдың қай мезгілі?

-Аптаның нешінші күні?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

Ойлан, тап. Қарама қарсы сөздерді табу.

Түзу-қисық, таза-лас, аз-көп, кең-тар, ұзын-қысқа

З дыбысы қандай дыбыс?

Көңілді әуен қосып қою

Түрлі түсті ленталар

Сабақтың ортасы

20 минут

(МК; С) Әтештің дауысы. Сыни тұрғыда ойлау және әтеш туралы не білеміз? Әтештің суреті бойынша әңгімелеу.

1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

(МК; Ө; Қ) «Ә» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «Ә» -нің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету. Әріп таңбасын үйрету.

Сюжеттегі суретте берілген «ән», «сән», «дәрі», «тәтті» сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен сөздік және буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.

Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату.

(Ұ) Үштілділік: «Әтеш – петух – cock — қазақша, орысша, ағылшынша айтқызып үйрету.

«Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» бейнеролик

1.2.1.2Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ж; Қ) 1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін ұйымдастыру. Сөздерді хормен, тізбектеп, жеке оқыту.

Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет.

1.2.2.1Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

(МК; Ө; Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін ұйымдастыру. Мәтін хормен, тізбектеп, жеке оқытылып болған соң мазмұны бойынша сұрақтар қойып жауап алу. Өздерінің қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті ойындары туралы әңгімелету.

1.2.1.2Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) 2. Жаңылтпашты буындап, тұтастай оқытуды ұйымдастыру.Жаңылтпашты жатқа айтқызу.

Келген малшы

Әрі әнші,

Әрі аңшы.

Әтештің дауысын естірту және суреті

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

АКТ

Оқулық

Оқулық

Оқулық

Сергіту сәті

2 минут

Видеодағы әуен ырғағымен билеу АКТ
Қызықты тап-сырма 13 минут 1.1.9.2Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

(МК; Т; Қ) 3.Сөйлетін қабырғадан тапсырма.Әріптерден сөз құрату. Оларға сәйкес суреттерді таптыру. Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату, сөйлем құрату.

Дәрігер, әтеш, Дәурен деген сөз шығады.

1.3.11.1Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ) Дәптермен жұмыс. Әә әрпімен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жаздыртуды қадағалау.

(МК; Т; Қ) «Қай топ жылдам?» ойыны. (1мин.) Қарға «ә» дыбысы бар сөздер жазу.

Қарды ерітіп ішінен тосын сый әтештің суреті шығады.

Оқулық

№3 сауат ашу дәптерлері

Әр топқа қар, әтеш суреттері

Сабақтың соңы

5 минут

-Ә қандай дыбыс?

-Ә! дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Ә әрпін өз үйшігіне орналастыр.

Рефлексия

Кемпірқосақ Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Микрафон
Қосымша ақпарат
Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау: оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс: денсаулық пен қауіпсіздік
АКТ
Құндылықтар
Қолдау көрсету.

Қабілетті оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Тапсырманы дұрыс және алдымен орындайды.

Бас бармақ арқылы әр тапсырманы орындаған соң көрсетіп және мақтап, мадақтап отырамын. Музыка, ағылшын тілі, математика , жаратылыстану, көркем еңбек пәндерімен байланыс.
Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар нені үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.