Оқушылар шығармашылығы

Алтын ұям – мектебім

Мектеп кеме –білім теңіз.

Білім өмірде –оқуды, жазуды, талмай еңбек етуді үйретеді. Ал білімнің алтын ордасы – мектеп. Біз мектепте сол білім нәрімен сусындаймыз. №3 орта мектептің көптеген жақсы оқыған оқушылары ауылымызды көркейтуге көптеген үлес қосып жүр. Міне бүгінде мектебімізге 60 жыл толды. Зердебай Бекарыстанұлы бастаған мұғалімдер мектебімізді алға жетеледі. З.Бекарыстанұлы мектебіміздің алғашқы директоры. Мен мектебіме баруға асығамын. Мектеп өмірі маған қатты ұнайды. Өйткені біздің оқушылар білімге құмар,тату-тәтті. Мейірімділікке, достыққа, білімді болуға үйреткен сынып жетекшім – Таңатарова Разия апайға алғыс айтамын. Мен ұстазыма арнап өлең жаздым.

Мұғалім

Айтқаныңды ұғамын,

Білімді боп шығамын

Биіктерден көрінсем-

Сенің арқаң – мұғалім!

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

Жетібай ауылы, №3 орта мектебі

Орындаған: Таяубай Айтолқын

2 «А» сынып

2018жыл

«Алтын ұя мектебіме 60жыл»

Алтын ұям мектебім,

Бағыңда сенің көктедім.

Жадырап тұршы әрқашан,

Мектебім менің мектебім!

Білім алдым өзіңнен,

Алтын ұям мектебім.

60 жыл толды өзіңе,

Көркейе берші мектебім!

Саяңда сенің құлпырдым

Мектебім менің мектебім

Екінші анам ұстазым,

Білімнің нәрін үйреткен

Әрқашан жайнап жадырап,

Жүре берші ұстазым

Ұлағатты ұстаздың

Мен боламын шәкірті

Білімнің нәрін үйреніп

Болашақ ұстаз мен болам

Алғаш келдім мектепке

Мектеп қандай қызықты

Қолыма қалам ұстадым

Үйренуге білімді

60жыл толған мектепке

Көп достармен таныстым!

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

Жетібай ауылы, №3 орта мектебі

Орындаған: Есет Жадыра Жарасқызы

2 «А» сынып

2018жыл

Реклама