Шукралина Райхан Жулдигалиевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық елді мекені, Құрық ауылы КММ
«Жаншуақ» шағын орталық меңгерушісі Шукралина Райхан Жулдигалиевна – Orley.kz

«Мақта қыз бен мысық»

Балалар, бүгін бізде көркем әдебиетінен ашық оқу қызметі.

– Мен сендерге «Бүгінгі күндерің сәтті болсын!» деймін.

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

– Қыз мезгілінде неше ай бар?

– Қандай айлар?

  • Балалар менім қолымда бірнеше ертегі сурет қиындылары бар, бір –бірлерімен шатасып кетіпті орындаймыз ба?

Ойын «Ертегілерді құрастыру»

Ертегі қиындыларын орындарына койып ертегіні құрастыру.

-Қандай ертегілер құрастырылды?

-Балалар бауырсақ ертегісінде қандай кейіпкерлер ойнайды?

-Ал шалқан ертегісі не туралы?Онда қандай киіпгкерлер бар?

-Ал мына ертегіде неше лақ?

Ал бүгін балалар біз балалар Мақта қыз бен мысық ертегісін айтатын боламыз.

Мақта қыз: – Балалар, мысық менің қатығымды төгіп тастады, ал мен құйрығын кесіп алдым, мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.

Мысық: -Балалар, маған көмектесіңдерші! – Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, Мақта қыздың тапсырмасын орындаймыз ба? – Ал, енді балалар, Мақта қыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік, олай болса теледидарға назар аударамыз. (теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалап, естеріне түсіреді) – Өте жақсы, балалар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер соны шешіңдер.

Жұмбақ: Екі найзасы бар, Екі айнасы бар. Төрт жылтырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар.

– Дұрыс, сиыр. Сиырды орысша “корова” дейміз.

– Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық.

Сиырдың тапсырмасы: Дидактикалық ойын.Санау

  • Қараңдаршы балалар мына ертегі кейіпкерлерінің орындары ауысып кетіпті орындарын табу керек.
  • Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?

– Енді мысық сиырдан кейін неге барады екен, оны осы жұмбақтын шешімі айтады.

Жұмбақ: Жазда жатсаң, Көлеңкесіне алады. Қыста жақсаң, Жаның рахат табады. – Дұрыс, жауабы – ағаш. – Ағаш орысша – “дерево “.

Ағаштың тапсырмасы «Бұл қандай ертегі?»

Сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер

  • Ал мына ертегіні әндетіп айтам, тауып көріңдерші.

Лақтарым, шұнақтарым, ашыңдар есікті.

Аналарың келді сендерге сүт әкелді.

  • Бұл қандай ертегі?

Мысық енді кімге барады?

Қыздардың тапсырмасы: Біз су тасып шаршап тұрық бізді бір сергітіп алсаныз.

Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Алақанды соғайық,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Қыздардан кейін мысық қайда барады?

Дүкеншінің тапсырмасы: Дидактикалық ойын:«Бұл қай ертегі?»

Шарты :Мен әр ертегіден бір сөйлемнен оқимын сендер бұл қай ертегіден екенін тауып тақтадан көрсетулерің керек?

– Балалар, мысық дүкеншіден кейін кімге барады? – Тауықты орысша “курица” дейді.

Тауықтың тапсырмасы: «Қызыл телпек ертегі кейіпкерлерін тап» Балалар, мысық тауықтан соң, кімге барады? Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар.

Өзі егін екпейді,

Егістен ұзап кетпейді.

Қарны тоқ, қайғысы жоқ,

Мысық қуса жетпейді. – Тышқанды орысша” мышь” дейді.

Тышқанның тапсырмасы: «Суретте не жетіспейді?»

– Балалар, мысық сендердің көмектеріңмен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады. – Міне, Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып беріп, екеуі дос

Реклама