Тулегенова Гулназ Ауганбаевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

МКҚК «Құлыншақ» балабақша тәрбиешісі Тулегенова Гулназ Ауганбаевна – Orley.kz

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Ел тірегі- Елбасы»

Мақсаты:Туғани ел,Отан жайында түсініктерін қалыптастыру.Отан туралы мақалдар айтып,балалардың ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыті.Тілдік қорын байыту.Туған өлкеге,Отанға деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімдерін ояту.Туған жерін қастерлеуге,құрметтеуге,мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:Туған жерінің,Ақтау қаласының суреті,Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері.

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,тақпақтар,мақалдар.

Шаттық шеңбері.

«Отан-оттанда ыстық»,«Отан үшін отқа түс-өлмейсің».

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз ?

-Балалар біздің астанамыз қай қала?

-Балалар біздің ауылымыздың аты қалай аталады?

-Балалар біздің ауылымыздың қаласы қай қала?

-Балалар сендер Қазақстан Республикасының рәміздерін айтайықшы?

-Жарайсыздар,балалар өте жақсы.

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қоршаған ортамен таныстыру.Тақырыбы: «Туған өлке» .Ендеше балалар біздер бүгін Құрық ауылымыздың керемет жеріне саяхатқа шығамыз.

-Балалар мына суретте не көріп тұрсыздар?

-Ия балалар бұл ауылдың суреті.Мұнда ағаш үйлер,төрт түлік мал өрісте жайылып жүр,айнала жап-жасыл әлемге айналған.

-Балалар барлығымыз қолдарымыздан ұстап саяхатқа шығайқ.

-Балалар біз қайда келдік?

-Иә балалар бүл біздің әкімшілік,онда біздің ауылдың мәселелері шешіледі.

-Ал енді қайда келдік?

-Дұрыс айтасыз балалар,біз Нұр Отан ғимаратының алдында тұрмыз.Бұл өте үлкен зәулім екі қабатты ғимарат,ол өте әдемі етіп салынған.

-Балалар біз қайда тұрмыз?

-Балалар дұрыс айтасыздар,біздер мәңгі от алауына келдік,бұл мәңгі от алауын мұнда Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін мәңгі есімізден шығармай,жүрегімізде сақтау үшін естелік етіп жасалған.

-Балалар біз қайда тұрмыз?

-Балалар бұл біздің ауруханамыз екен өте дұрыс айтасыз.Біздер мұнда ауырып қалсақ келіп емделеміз.

-Балалар біздер қайда кележатырмыз?

-Дұрыс айтасыздар ,бұл біздің орталық кітап ханамыз.Балалар мұнда сендер үлкен болып мектепке барғанда осында келіп қосымша кітаптар алып оқисыздар

-Балалар енді қай жерге барғыларың келіп тұр?

-Балалар мынау біздің қарт Каспий теңізіміз.Балалар біздер теңізге жаз мезгілінде жағасына келіп демалып,теңізге шомыламыз.

-Енді балалар ішке оралайық.

-Балалар шаршадықпа ?

-Ендеше бір сергіп,бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті:

Ағаш үй боп тізіліп,

Уық болып иіліп,

Кереге боп керіліп,

Шеңбер болып тұрайық,

Нән ағаш үй құрайық.

-Балалар қане кім тақпақтар айтады?

-Жарайсыздар,балалар !Өте тамаша.

-Балалар мен сендерге өлең оқып берейін.

Ата-бабам жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан,алтын ұя Отаным,

Жайнай берші мәңгі гүлдеп әрқашан.

-Балалар ендеше ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Танып алда,атын ата».

Мақсаты:Балалар еліміздің рәміздерінің суреттерін танып,ол қандай рәміз екенін танып,атап еру.Балалардың ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту,логикалық ойлауын дамыту.

-Жарайсыздар балалар,өте жақсы.

Балалар сендер туған өлкелерің туралы көп мағлұмат алдыңдар.

-Балалар сендерге саяхат ұнадыма

-Балалар сендер бүгін қай да саяхатқа бардыңдар?

-Балалар сендер қандай жерлерге бардыңдар?

-Балалар барған жерлерің сендерге ұнадыма?

Балаларды мадақтау.Оқу қызметін аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.