Нурканова Гулфарида Кайырбаевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

МКҚК «Құлыншақ» балабақша ән-саз жетекшісі

Нурканова Гулфарида Кайырбаевна – Orley.kz

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Ән-саз

Тақырыбы: «Ұлттық аспаптар»

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру арқылы

білімдерін кеңейту.

Аспаптардың әуенін тыңдау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әнді нақышына келтіріп,анық. таза арқылы аспаптарды ажыратуға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»

Құрманғазының «Адай» күйі ойналып тұрады. Балалар марш екпінімен залға кіреді.

Шаттық шеңберін құрайды:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Бізге қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басығой

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Саламатсыздар ма!

Вздраствуйте!

Good moorning!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.Зима.

-Қыс мезгілінің қай айы?

-Ақпан Февраль

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Алғаш қар жауғанда не жасаймыз? Жұмбақ жасыру

Дұрыс айтасыңдарбалалар. Өткен оқу қызметінде осы аққала туралы ән үйренген болатынбыз. Қане орнымыздан тұрып, ырғақты қимыл-қозғалыспен әнді айтайық.

Балалар әнді орындайды.

Оркестрдің орындауында «Кеңес» күйі қойылады.

Балалар сендерге қандай аспаптар таныс? Домбыра, қобыз

Балалар мұның барлығын бір сөзбен музыкалық аспаптар деп айтамыз. Музыкалық аспаптардың өзіне тән дыбыс бояуы белгілі бір ырғағы болады. Біздің ата бабаларымыз тастан, ағаштан,мал терісінен,ішектен, мүйізден сүйектен түрлі дыбыстар шығаруға болатынын аңғарып,қарапайым музыкалық аспаптар жасап алған екен. Аспаптардың дыбыстары адамдардың,хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Балалар әр ұлттың өз музыкалық аспаптары болады.

Ендеше, балалар әр ұлттың музыкалық аспаптарымен танысайық.

Қазақтың ұлттық аспабын білесіздер ме?

Иә, білеміз домбыра аспабы.

-Дұрыс айтасыңдар балалар!Бүгін арнайы қонақ шақырып қойған болататынмын. Балабақшамыздың ән-саз мұғалімі Майрагүл Амангелдіқызықарсы алайық.

-Саламатсыз ба!

-Саламатсыңдар ма балалар! Балалар менің қолымдағы аспап сендерге таныс болар.Домбыра сапабымен таныстырады. Қонағымыздан қонақ кәде сұраймыз.

Күй орындап береді.

Домбыра аспабының құрылысымен таныстырады.

-Міне балалар домбыра аспабымен ән айтуға күй тартуға болады. Домбыра арқылы адамдар қайғы-мұңын,қуанышын біліруге болады. Балалар экранға назар аударайықшы. Осы домбыра аспабының шығу тарихы туралы балаларға арналған мультфилмі бар екен.Назар аударайық.

Баяғыда ханның бір жалғыз ұлы болыпты. Ханның ұлы аң аулауға шығады.Аң аулап

Жүріп ол киелі жануар құланның баласын атады.ал құланның шешесі ханның ұлын теуіп өлтіреді. Хан ұлы аңшылықтан оралмағасын жар салып іздеу салады. Кімде кім ұлымнан жақсы хабар әкелсе ат басындай алтын беремін ал жаман хабар әкелсе көмейіне қорғасын құямын депті. Ханның уәзірлері тханның ұлын іздеу салады.Өлі денесін табады. Олар суық хабарды жеткізуге қорқады.Содан далада домбыра тартып отырған күйшіні кездестіреді. Соны ханның алдына алып келеді.КүйшіАқсақ құлан күйін ала жөнеледі. Ханның барлық жасаған күнәлары мен қиянаттары көз алдына келеді.Осы сәтте хан ашуланып күйді тоқтатып, құй көмейіне қорғасынды дейд

-. Күйші: Ханеке, балаңыздың өлімін жеткізген мен емес, мына домбыра ғой дейді.

Содан домбыраға қорғасын құяды.

-Міне балалар домбыраның тесігі осылай пайда болды деген аңыз бар екен.

-Балалар сендерге ұнады ма?

Иә ұнады.

Келесі танысатын музыкалық аспабымыз -қобыз.

Қобыз ежелден келе жатқан аспап. Мына ішектеріне саусақтың ұшынғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп ойналатын аспап. Қобыздың үні тыңдатылады.

Асатаяқ- қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспаптардың бірі.

Асатаяқты ырғап, сілкіп ойнайды екен. Аспапта ойнау қиын емес. Асатаяқ ағаштан ойылып, оған сақиналар, қоңыраулар іледі. Темірлер бір- біріне соғылып,содан үн шығады. .( жасалу жолы мен әуені вдеодан көрсетіледі

Жетіген –көп ішекті шертіп ойналатын аспап. Жалпы түрі ұзынша жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып,үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалу жолы да ойнау әдісі де өте күрделі.( жасалу жолы мен әуені вдеодан көрсетіледі.)

Сергіту сәті: «Қара жорға» биін қимыл қозғалыспен билеу.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

.Ән айту: «Домбыра сазы» И. Нүсіпбаев Ән айтаралында тыныс алу жаттығуларынжасату.

Әуенді-ырғақты қимылдар: «Көңілді балалар» Балалар көңілді музыка әуенімен серіппе, екі қадам алға және екі қадам артқа жүріп, аяқты 3 рет топылдатады. Қимылды ырғақпен бірге жасау. Әуенді бірнеше рет қайталап есте сақтау.

-Жарайсыңдар балалар!

Ойынның аты: «Аспапты тану»

Ойын ережесі: үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі. Балалар қимылмен көрсетіп ,аспаптың атын айтады.

Балалар міне, ойын арқылы сендердің бүгінгі оқу қызметін қалай меңгергендеріңді білдім.

Жақсы меңгеріпсіңдер.

-Оқу қызметі ұнады ма?

-Қай кезеңдері ұнады? (Балалар жауабы)

Оқу қызметіне жақсы, белсенді қатысқандарың үшін, сендерге арнайы көңілді белгілер дайындап алып келгенмін .(Балалары мадақтап көңілді белгілерді тарау)

Ал, балалар келген қнақтарға не айтамыз

Біз көңілді баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгін келген қонаққа

Сау болыңыз айтамыз

Сау болыңыздар!

До свидания!

Goodby!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ұлттық аспаптарды ажыратуды

Игереді: Аспаптардың қалай ұсталуын және оның ойналу жолын . Меңгереді: Ойынның ойналу барысын меңгереді

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.