Мусаева Гулбанам Акиевна

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Бүркітбаев ауылы
Мұхтар Әуезов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мусаева Гулбанам Акиевна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Күні:02.03.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Мусаева Гулбанам Акиевна
Сынып: 1 Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу
Оқумақсаттары 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

Сабақмақсаттары Алдар Көсе жайлы әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлрін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды.
Бағалау критерилері әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады.
Сөздік қор Ұлттық кейіпкер ,мазмұн,қиял-ғажайып,шыншыл,кейіпкер,сараң,жомарт, ақылды, айлакер, қу, т.б.
Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, ғылымға кіріспе
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтажоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың ортасы

8-10 мин

3-5 мин

5-7 мин

3-5 мин

7-8 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық.

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, мектебім!

Қайырлы күн, достарым!

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламын!

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

-Балалар, бүгін біз ертегілерге саяхат жасап, ондағы кейіпкерлермен танысамыз.

-Ал қандай ертегі оқитынымызды қазір ойын ойнау арқылы білеміз.Ойынның аты «Буындар паравозы» деп аталады.

(Т) «Буындар паравозы» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға қима буындар беріледі. Оқушылар буындардан сөз құрастырады.Әр топ неше және қандай паравоз жасағанын көрсетіп айтады.

МАҚ ТА ҚЫЗ БЕН МЫ СЫҚ

ЕР ТӨС ТІК БА УЫР САҚ

АЛ ДАР КӨ СЕ

-Балалар, қандай ертегі қызылмен жазылған?

-Алдар Көсе ол кім?

-Ендеше біз бүгін ұлттық кейіпкер Алдар Көсе жайлы ертегі оқимыз.Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

1. Қиял — ғажайып;

2. Хайуанаттар туралы;

3. Шыншыл ертегі;

4. Тұрмыс — салт ертегілер

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

(МК) Алдар көсе туралы мультфильм үзіндісін көрсету

-Мультфильм сендерге ұнады ма?

-Алдар Көсе қандай адам екен?

-Ол қандай өлең айтады екен?

(Ұ) Өлеңмен жұмыс:Өлеңді оқыту.Әнімен айтуға үйрету.

Мен Алдармын ,Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

(Ұ)«Анықтайық» айдары

Балалар Алдарға мінездеме береді.Көмекші сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрастырады.

(Ө) Карточкамен жұмыс

Оқушыларға «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» жайлы ертегінің қысқа үзіндісін оқыту.

Тапсырма: Ертегі үзіндісін оқып, кейіпкерлерді анықта.

Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

— Е, байеке! Енді бұдан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Соңғы рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

……………… алданған …………….. қатты ашуланды.

Алдар …………………………. алдап, қулығын асырды.

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары

Қима буындар

А4 парағында тірек сызба

Алдар Көсе жайлы мультфильм

Өлең жазылған А4 парақтары

Сөздер мен сөз тіркестері

ҚБ карточкалары

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақтан не үйрендің?

Оқушылар өз үйренгендерін айтады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлу. (204 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды көбейту мен бөлу амалдарының қатынасымен таныстыру. Екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру; екіншісі біреншісінің жалғасы болатын есептер тізбегін қарастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын дамыту. Екі амалмен шығарылатын есепті ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Үлестірмелі дидактикалық материал, көбейту мен бөлу кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ. көбейту мен бөлу кестесі.мен жұмыс.

1-тапс ырма.

Тақтада түсіндірме мәтіндермен жұмыс.

Суретте неше көбелек бар?

Екі көбелектен бөлетін болсақ неше топқа бөлінеді?

Үш көбелектен бөлетін болсақ неше топ болады?

2+2+2 23=6

6─2─2─2 6:2=3 6:3=2

Компоненттерді пысықтау:

3х2=6 6:2=3

3х2 – көбейтінді 6:2 – бөлінді

6 – көбейтіндінің мәні 3 – бөліндінің мәні

3 – көбейткіш 6 – бөлінгіш

2 – көбейткіш 2 – бөлгіш

Математикалық диктант

3х2 …т.с.с

Белгісіз компонентті табу барысында жұмыс.

Егер көбейткіш белгісіз болса, онда …

Егер бөлінгіш белгісіз болса, онда …

Егер бөлгіш белгісіз болса, онда …

Егер көбейтіндінің мәні белгісіз болса, онда …

Егер бөліндінің мәні белгісіз болса, онда …

2,3 — тапсырма Түсіндіре отырып шығару.

4-тапсырма.

6×2=12 – екі қорапта 12 қарындаш бар

12:6=2 – 12 қарындашқа 2 қорап қажет болды

Қосымша тапсырмалар.

Көбейтіндіні қосынды түрінде жаз:

6×4=6+6+6+6

12×5=12+12+12+12+12

7×3=7+7+7

48×2=48+48

30×4=30+30+30+30

  1. Периметрін тап.

Қабырғаларының ұзындығы 3см, 5см, 2 дм болатын шаршының периметрін тап.

Р= 12см, 20см, 8 дм.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: 5–тапсырма.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.