Джалгашова Нургул Тыныштыковна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

Облыстық санаторлық мектеп интернат балабақша тәрбиешісі

Джалгашова Нургул Тыныштыковна – Orley.kz

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Табиғат- біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін калыптастыру,балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру , табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға,.қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту

Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі , саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар,

Көрнекі – құралдар: АКТ,тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар,

Сәлеметсіңдерме балалар!Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен

-Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?

Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.

Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар,Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт

Экраннан хатты оқу

Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.

Хат.

Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын.

Мен сендерге жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың

-Балалар сендер, мейрімді де ақылды, сүйкімді балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе?

Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып ақ қайыңға көмектесейік.

Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру.

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек.

  • Тағы қандай ережелерді білесіңдер?

Тыныштық сәті: Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау.

Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер?

Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.

Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар.

Табиғат екіге бөлінеді. Ол тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғатқа: ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар.

Өлі табиғатқа: су,тас, құм,ауа жатады, олар өспейді,дем алмайды денесінде жаны жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.Оны мен саяхат барысында бақылап көреміз.Жерде аңдардың іздері жатады.

Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері.Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен.

Интерактивті тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп көрсету.

-Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

-Дұрыс бұл су.

-Ал судың қандай пайдасы бар?

Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар біз ақ қайыңға жеткенімізше әлі біраз жол жүру керек. Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.

Бар ма , жоқпа, оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ?

-Ауа не үшін керек?

-Ауаның түсі қандай?

-Қолмен ұстауға болама?

Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен.Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.

-Балалар айналаға қараңдаршы,біз ауаны көреміз ме?

1-тәжірбие:Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді

2-тәжірбие:Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік.

-Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Ендеше балалар осы табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық.

Сергіту сәті.

Осы сәтте ақ қайыыңды бір бала көріп қалады

Саламатсызба ақ қайың!

Біз сіздің жіберген хатыңызды алып сізге көмек берейін деп келдік.

Ақ қайың: Амансыңдар ма бүлдіршіндерім менің бұтақтарымды қатты жел соғып сындырып тамырымды кептіріп кетті. Маған су құйып, бұтақтарыма көмектесіп жіберсеңіздер жақсы болар еді.

Ақ қайың рахметін айтады.

Ақ қайың біздің балаларымыз табиғатты қатты құрметтейді.Олар табиғат жайлы тақпақтар да біледі.

Тақпақтар.

-Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік. Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

Балабақшаға оралу.

-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

-Балалар бізге хат жолдаған не еді?

-Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

-Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

-Ал өлі табиғатқа ше?

-Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін қазір

« Таңдап алда , атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар .

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлі және тірі табиғатты айырып.

Үйренеді: Табиғатты аялауға,қамқорлықпен қарауға.

Игереді: Табиғат туралы мағлұмат алуды.

Реклама