Басбаева Ұлбопе Оразымбетқызы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

4 Арнайы балабақшасы тәрбиешісі

Басбаева Ұлбопе Оразымбетқызы – Orley.kz

Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Маша мен аю (ертегісі)
Мақсаты: Ертегіні сахналай отырып өздеріне айтқызу.Балаларды оқылған ертегілер мазмұнын тәрбиешінің көмегінсіз өз беттерімен жүйелі түрде мәнерлі етіп, мазмұнын өзгертпей, әңгімелей білуге, байланыстыра сөйлеуге, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Кейіпкерлердің мінез – құлқын, іс — әрекетін, жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата отырып, әдептілікке, тапқырлыққа, шыншылдыққа, еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрсету, ойын, мультфильмін көрсету
Оқу іс — әрекетінің көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтары, орман, үйшік, суреттер, тапсырмалардың көрнекіліктері
Мотивациялық қозғаушы:
-Балалар, « Сәлем- сөздің анасы»,- демекші, алдымен біз амандасып алайық

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Аақанды берейік,

Сәлемдесіп алайық.

Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Ой, балалар, қараңдаршы бүгін біздің топқа қандай әдемі шар ұшып келді. Қызық, бұл шарды бізге кім жіберді екен? Қараңдаршы қандай қызық, қандай сиқыр шар.
Ізденуші ұйымдастырушы.
Балалар бұл шарда байланған хат пен таяқша бар екен. Қане, бұл хаттың мазмұнымен таныстырайын.
Бұл хатты бізге ертекші атай жіберіпті. Ал мынау сиқырлы таяқша, осы таяқша арқылы ертекші атай сендерге тапсырмалар және ертегі беріп жіберіпті. Егер де мен сиқырлы таяқшаны сермеп қалсам, сендерге ертегілерден көрініс көрсетеді. Ал сендер соның шешуін тауып ертегінің атын айтасыңдар.
Тәрбиеші тағы да сиқырлы таяғын сермеп қалғанда ешкінің дауысы шығып маңырап ешкі 7 лағымен және Қасқыр кіріп келеді.

Балалар: «7 лақ пен қасқыр» ертегісі екенін айтады

Осы кезде үйшіктен бір қыз шығады да жылай бастайды.

Тәрбиеші балаларға мына қыз кім екенін және неге жылағанын сұрайық деп қасына жақындайды

-Балалар, мына қыз бізге таныс сияқты ғой, естеріңе түсіріңдерші қай ертегіден және аты кім екен?

Балалар: «Маша мен аю» ертегісіндегі Машасыз

Маша: иә балалар, мен Машамын, мені Аю ұстап алып әжеме, атама жібермей қойды.

Тәрбиеші: Маша сен жылама, балаларға не болғанын айтып берейік, біз саған көмектесеміз солай ма балалар?

-Машаны неге ұстап алды екен, бұл жағдайға қалай тап болды?

Тәрбиеші: Балалар, бұл қалай болғанын айтып берейін

«Маша мен Аю» ертегісін (мультфилмін)видиодан көрсету.

Маша: -«Міне осылай балалар, мені Аю енді ешқашан жібермейтінін айтты»,- деп жылап қоя береді.

Тәрбиеші: —Ой балалар, Машаны неге және не үшін ұстап алғанын түсіндіңдер ме?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Иә, балалар, Маша атасы мен әжесінің айтқанын тыңдамады.Әжесі Машаға орманға барарда не деп айтып еді?

Балалар: «Құрбыларыңнан қалып қойма!»-деп айтты

Тәрбиеші: Бірақ, Маша тыңдамады

Маша: -Балалар, сендер алдағы уақытта үлкен адамдарды тыңдаңдар, жарай ма? Тыңдамағасын мен Аюға ұсталып қалдым.

Енді мен аюдың үйіндемін, қайтайын десем маған күнде тапсырмалар береді.

-Мен аю үшін не істемеді десеңші, күнде тамағын, жақсы көретін бәлішін пісірдім, үйін жинастырдым,пеш жақтым.

Осы кезде Аю кіріп келеді.

Аю: -Мм, қандай күшті иіс, тамақтың иісі мұрынымды жарып бара жатыр. (дәмін көріп неден жасағанын сұрайды, және не үшін көкөністерден жасағанын сұрайды)

-Жарайсың рахмет саған Маша қызым.

Маша: Аю енді мені әжеме жіберші, мен атам мен әжемді сағындым.

Аю: Жоқ жібере алмаймын. Менің тағы да тапсырмаларым бар, егер соны орындасаң, жіберемін.

Машаға тапсырмалар береді.

Тәрбиеші: Қане, Маша уайымдама, тапсырмаларды орындауға көмектесейік, енді сен біздің досымызсын ғой, солай ма?

Балалар: иә

Аю: жоқ болмайды, (ойланып тұрады да) иә жарайды мына кіп-кішкентай балалар не біледі?Көмектессе көмектесе берсін!

Тапсырмаларын айтады.

1-тапсырма: «Менім көңілімді бір көтеру»

Тәрбиеші: ендеше балалар оюдың көңілін көтеру үшін қане сергіту сәтін жасайықшы.

Сергіту сәті:

Біз орманға барайық,

Жан-жағымызға қарайық.

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар,

Қарап-қарап алыңдар.

2-тапсырма:

Аю:Жарайсыңдар!Балалар сендер менің және Машаның сүйікті асын білесіңдер ме?Мына заттардың ішінен тауып беріңші?

Балалар: Сүйікті астарыңыз бал,алма, сәбіз, құлпынай

Аю: «Өз үйіңді тап» ойыны.

Балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек суретін таратып беру.Балалар аюды оятады.

Аю, аю тұршы,

Беті-қолыңды жушы.

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Әйәй көйлек киші

Енді бізді қушы.

Аю оянып балаларды қуғанда балалар өздерінің қолындағы ұқсас пішінге барып тығылады. (2-3 рет қайталау)

-Жарайсыңдар, балалар, бірақ мен сонда да Машаны жібергім келмейді.Сендер нағыз күшті доссыңдар.Маша қалсыншы?! (деп балалардан сұрайды)

Балалар: жоқ олай болмайды, Маша мен біз сенің тапсырмаларыңды орындадық, енді жіберуіңіз керек.

Аю: жоқ-жоқ келіспеймін.

Маша: Аа, онда жарайды аю, олай болса сен менің атам мен әжеме бәліш апарып берші.

Аю: Жақсы Маша,

Тәрбиеші: Аю бәлішті алып кеткенде маша балалармен қашып ата-әжесіне аман сау жетеді.

Балалар Маша қалай Аюдан құтылды?

-Ал енді балалар мұндай жағдайдан кейін сендер де үлкендердің тілдерін аласыңдар ма?

-Иә.

Жарайды балалар!Ал енді бізде, бізге келіп отырған қонақтармен қоштасайық.

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

Реклама