Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері

Кішкентай кезімде әжемнің «су ішкен құдығыңа түкірме» деп, айтып отырғанын бірнеше рет естігенмін. Осы сөз маған түсініксіз болғанмен, мағынасын сұрауға жете мән бермеген екенмін. Бірақ қазір сол сөздің мағынасын түсінгендеймін.Себебі,мен дәл қазіргі бейбіт өмірімді,еркіндігімді,берекелі-мерекелі балалық шағымды ең үлкен бақытым деп білемін. Мен – тәуелсіз елдің ұланымын.

Тарихқа көз салсақ, тәуелсіздіктің бізге оңай жолмен келмегенін білеміз.Сондықтан да тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Яғни, Қазақстанның мемлекет ретіндегі тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашакқа бағдар — рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы біз алдымызға мақсат қойып, белгіленген жоспар арқылы дамып келеміз. Рухани жаңғыру — адам баласының ішкі дүниесінің жаңаруы, жаңа өзгерістерді қабылдай білуі, сана-сезімі, мақсатқа жету жолындығы күрес. Менің ойымша, адам баласы алдымен өзінің рухани жаңғыру арқылы ғана өз елінің жаңғыруына, жаңаруына үлес қоса алады. Себебі, алдына қойған мақсатқа көп ізденген, талабына талпынған адамдар жетеді.

Елтаңбамызды елге танытып, әнұрамызды шарықтатып, туымызды желбереткен күннен бастап қаншама келелі істер атқарылды. Оның барлығын санамалап айтар болсақ, ең көрнектісі-шекарамыз белгіленді, қарулы күштер жасақталды, теңгемізді тірілтіп, дінімізді қайтардық. Басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең елге айналдық. Білім мен білік іздеген жастарға «Болашақ» бағдарламасы құрлық асып оқуға мүмкіндік берді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасынды «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне әйгілі ел екенімізді дәлелдей түстік. Жақында ғана өткен «Экспо-2017» көрмесі арқылы әлем халқының назарын өзімізге аудардық.

Елбасымыз «Нұрлы жол- болашакқа бастар жол» атты жолдауында «Тәуелсіз елді болашакқа бастап барар жалынды жастар сендерсіңдер, мен сендерге сенім артамын» деп бізге сенім артып отыр. Халық алдындағы сенімді ақтау үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің еңсесі биік болуы үшін биік шыңдарды бағындыруымыз шарт.

Қазақстан халқы Ассамблеясының да негізі ұраны татулық, бірлік, достық аясында екендігі бәрімізге мәлім. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлкеде бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатырмыз. Мен қазақ халқының мейірбандығын, қонақжайлығын үнемі мақтан етемін. Мен қазақ болып туылып, «Қазақстан» деген мекенде туылып, осы мекенде өсіп жатқаныма қуанамын. Үлкендер: «Сендер заманның жақсы кезінде туылған бақытты балаларсыңдар ғой!» дейді. Расында да, тәуелсіздікті алып, еліміз еңсесін көтеріп, болашаққа қадам басып келе жатқанда туылған мен — қандай бақыттымын! Әжемнің айтқанындай, суын ішіп, ауасын жұтып жүрген елімнің гүлденуіне өз үлесімді қосамын деп уәде беремін.

Молдоғазы Мирас Мейрамханұлы

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі,

39 КОПП тобының 1-курс студенті

Оқытушысы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ермаханова Жаркынай Танирбергеновна

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.