Тақырыбы: «Туған өлкем»

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

«Нұрбалапан» бөбекжайы

Музыка жетекшісі: Алдабергенова Аңсағаным Мұратқалиқызы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: Ортаңғы «Алпамыс» тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Туған өлкем»

Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының ең алғашқы елбасы туралы түсінік беру.Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен қалалар, туған жер, ауыл туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, үйрету, орындау, көрсету, сұрақ-жауап, әңгіме.

Қажетті көрнекі құралдар: Қалалардың көрнекті жерлерінің, еліміздің сұлу табиғатының көрінісін бейнелейтін суреттер. Түрлі түсті жалаушалар.

Үштілділік компонент: Менің отаным – моя родина — my native land, қала-город- city, ауыл-село- village.

Оқу қызметінің кезеңдері Музыка жетекшісінің қызметі Балалардың қызметі
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі «Марш» (А.Затаевич) әуенін ойнатып, балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынылады.

Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең,

Ағалардай Отанға,

Ұлан болам мен ертең!

Тізені жоғары көтере нық басып, арқаларын түзу ұстауларын қадағалайды.

Әуен екпінімен нық басып, ырғақты сезіне жүруге талпынады.

-Сәлеметсіз бе!

Тізелерін көтере, мақтанышпен жүріп, өлең жолдарын қосыла айтады.

Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі Балаларға түрлі түсті жалаушалар беріледі. «Жалаушамен би» (Е.Брусиловский) орындалып, би қимылдары көрсетіледі. Жалаушаны бірдей қозғап, бірге қозғауларын бақыланады. «Марш» (А.Затаевич) қайта ойналып, балаларға әуен екпінімен жүруді ұсынылады.

Маршпен адымдап жүреміз,

Ержетіп, өсіп келеміз! – деп марш екпінімен жүріп, орындықтарға отыруларын сұралады.

Қалалардың, еліміздің сұлу табиғатын бейнелейтін суреттер көрсетіледі.

Балаларды суретке қарап әңгімелеуге, ойларын толық жеткізуге дағдыландырылады.

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы,

Ел-Отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы. (Қ.Шаңғытбаев).

Балалардан Отан, туған жер туралы білетін өлеңдерін сұрау, белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Отан – менің ата-анам,

Отан – досым, бауырым.

Отан – өлкем, астанам,

Отан – туған ауылым. (С.Оспанов).

-Кең-байтақ Отанымыз туралы ақын ағаларымыз осылай жырлайды.

Ән тыңдау: «Менің Қазақстаным»

(Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов).

-Бұл әннің көңіл күйі қандай?

— Ән мазмұнында не туралы айтылады? Сен өз Отаныңды жақсы көресің бе? – деген сұрақтар қою арқылы балалардың Отан туралы түсінік-ұғымын кеңейте түседі.

Дауысымыз әдемі,

Шықсын созыла.

Әндетейік енді біз.

Бірге қосыла!

Дауыс жаттығуы: «Алтын күн». Дауыс ырғақтарына мән бере тыңдалады.

Ән үйрену: «Менің Отаным» (Ө.Байділдаев, Б.Ысқақов). Әнді таныстырып, балалар композиторы Ө.Байділдаев туралы әңгімеленеді, сурет көрсетіледі.

Әнді орындап, сипатын, мәтінін әңгімелеуге ықпал етіледі.

-Ән не туралы?

-Сендерге ән ұнады ма?

Бірге айтуды ұсынылады.

Қысылып еш саспайық,

Қызық ойын бастайық!

Ойын: «Тақия тастамақ».

Балаларды әуен арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жалаушаларды ұстап, 4-5 қатарға тұрады.

Көрсетілген би қимылдарын қайталайды.

Жалаушаны желбірете жоғары көтереді, оңға солға бұрылып, бірге қимылдауға тырысады. Марш екпінін сезіне жүреді.

Суреттерге назар аударып, қызыға қарайды.

Өздері білетін қалалар немесе өзі туған ауыл, қала туралы әңгімелейді.

Балалар жатқа білетін тақпақ, өлеңдерін жарыса айтады, бір-біріне қошемет көрсетіп, қол шапалақтайды. Тақпақты қайталап айтады.Жаттауға талпынады.

әсерленеді. Ән мазмұнын әңгімелеп беруге әрекеттенеді. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысады.

Әнді ықыласпен тыңдап.

Әннің сипатын ажыратып, мазмұнын әңгімелейді.

Дауыс жаттығуын бірге бастап, бірге аяқтап, дауыстарын соза әндетеді. Терең тыныс алып, жаттығуды еркін айтуды дағдыланады.

Композитор Ө.Байділдаев туралы мағлұмат алады.

Тез жүгіріп, ойында жеңімпаз атануға талпынады.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отырулары ұсынылады.

-Туған жерің қандай?

-Қай қалада тұрасың?

-Отан туралы қандай тақпақ білесің?

-Сендер өте жақсы қатыстыңдар.

Осымен оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңдар!

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Қызығушылықтары артып, көтеріңкі көңіл күймен қоштасады.

Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Шығарманы сезіне тыңдап, әнді табиғи дауыспен орындай біледі.

Игереді: Әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді, әнді әуенмен айтуды игерді.

Меңгереді: Әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды меңгерді.

Реклама