Жаңа сабақтар

ҚАЗАҚ ТІЛ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

МАСАЕВА ГУЛХАНЫМ
Алматы қаласы Алатау ауданы

«№ 152 мектеп – гимназия»КММ

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Мақсатқа қол жеткізіп,белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет –әдіске бағытталады.

Жалпы оқыту әдістері- оқытудың мақсат міндеттеріне сай,оның мазмұнын ашуға,оқушыларға бағдарламаны толық меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқушылардың таным әрекетіне басшылық етіп,олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда,өзінің іс-әрекетін басшылыққа ала отырып,оқытудың тиімді әдіс-тәсілі арқылы мұғалім өз мақсатына толық жетеді.

Оқыту әдістерін жүйелі жүзеге асыру үшін мұғалім оқытуға қажетті құралдар, яғни ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген орында жұмыс жасауға міндетті.барлық пәндерге міндеттелген тиімді әдіс-тәсілдер іспетті, қазақ тіл сабақтарында да қолданылатын әдіс- тәсілдерге тоқталар болсақ;сөздік әдістер,көрнекі әдістер.

Сөздік әдістерге келсек;түсіндіру,әңгіме,кітаппен жұмыс,әңгімелесу.Көрнекі әдістер:иллюстрация,демонстрация.

Оқыту әдісінің ішінде мұғалімнің ауызша баяндауы,сөдік,әңгімелесу, ауызша баяндау сияқты дәстүрлі әдісі жетекші роль атқарады.

Оқу материалын толықтай өз көздерімен көріп, жете түсінуі үшін көрнекіліктің ,яғни көрнекі әдістің ролі зор.

Оқу бағдарламсын жүйелі меңгеру үшін оқу барысында теориялық ережелерді қйаталап меңгертуге жаттығу әдісі өте ыңғайлы. Жаттығу әдісі- тәжірибелік әдістердің ең көп қолданылатын түрі.

Оқушының ауызекі мазмұндау дағдысын толықтай жүзеге асыру үщін ауызша жаттығу қолданылады.

Жалпы оқу материалын жүйелі меңгертуге техникалық құралдарды, кестелер мен сызбалар,үнтаспаларды пайдаланамыз,ол оқушының көру қабілетін дамыта отырып,олардың ойлау қабілетін дамытуға үлкен әсер ететіні сөсіз.

Көрнекілік қолданудың тиімділігіне келсек,оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып қана қоймай,түсіндіріліген материалды жылдам меңгеруге өз мүмкіндігін тигізеді.Бүгінгі заман талабы,оқушының көрнекі әдісін ақпартты құралдың көмегімен көруіне жағдай жасау болып отыр.

Тіл сабақтарын тереңірек меңгертуге техникалық құралдардың көмегі өте зор.

Қысқаша тоқталар болсақ,тіл сабағын тиімді меңгерту жолы коммуникативті функционалды бағытта болуы үшін,тілдің коммуникативті механизмін ашқан дұрыс.Ол үшін оның сөйлеу процесіндегі,мәтін бойынша әңгіме құрастыру ролін –құралдар арқылы меңгертуге болады.

Жаңа технологияның көмегімен сабақты түрлендіре өткізу жолын табуға болады. Қазақ тілінде грамматикалық материалдар мен лексикалық тақырыптарды қыту барасында тірек сызбаларды тиімді қолдану оқушының тілін дамытуға,сөздік қорын дамытып,өз ойын еркін жеткізуіне көп көмегін тигізеді.

Бұл орайда оқу және жазу арқылы сын тұрғыснан олйау әдісі өте ұтымды болып отыр.Бұл сын тұрғысынан ойлау стратегиясы оқушының оқуға қызғушылығын арттырып қана қоймай,мұғалімнің де кез-келген уақытта әр ситуациядан жеңіл шығуына мүмкіндік береді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру стратегиялары арқылы жүзеге асып,оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түседі.

Сонымен қатар,бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамытады, жалықтырмайды.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін — өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.

Қорыта келе,осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:

  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
  • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
  • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Реклама

Добавить комментарий