ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

КИРБАСОВА ЗӘУРЕ ЧАУТЕНОВНА
Алматы қаласы Алатау ауданы

«№ 152 мектеп – гимназия»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырып, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеруді басшылық етеді.Білім беру саласын жүзеге асырушы-мұғалім.

Мұғалім-қоғам айнасы.Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.Мұғалім тек дәстүрлі сабақ беру үрдісімен шектелмей, заман талабына сай ақпаратты технологияны меңгеріп, электронды оқыту жүйесін жүзеге асыруы қажет.

Ол үшін электронды оқулықтың құрылымы мен қолданыу аясын меңгеруі керек,электронды оқулықтың тиімділігін бастауыш сыныптан-ақ байқауға болатынына көз жеткізуге болады.

Кез-келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Оны құраушы элементтер- мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер.Аталған элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан.Бұл құрылымда алғашқы маңызды ролде мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқыту меңгеру деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда,компьютерді сабақта қолдану барысында оқу барысында;қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсіну;оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды. Бұл,бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Жалпы электронды оқулықтың негізгі қасиеттері мен құрылымына кеңірек тоқталар болсақ;

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

Жинақтылық,жүйелілік,эстетикалық көркемділігі,жылдамдылығы.

Электронды оқулықтың құрылымы:материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы;материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу;өзіндік тексерудің тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:сыртқы беті;титулдық экран;мазмұны.

Электронды оқулықтың құрамы;аннотация;оқу материалының толық баяндалуы,оқу материалының қысқаша мазмұны,қосымша әдебиеттер,өзіндік білімді тексеру жүйесі,өзіндік бақылау жүйесі,мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы,авторлар тізімі,терминдік сөздер,оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе.

Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:

жан-жақтылығы;ізгіліктілігі;бейімділігі;модульдік

экономикалық тиімділігі;тұтынушыға бағдарлау.

Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі:оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау;үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру;оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу;лекциялар конспектісін дайындау;тест материалын дайындау;материалдарды электрондық түрде дайындау;өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау.

Электронды оқулықтың құрамы:аннотация;пән туралы қысқаша ақпарат,жұмыс бағдарламалары,электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар,ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары,теориялық материалдар,теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы,практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал,практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi,бақылау тапсырмалары,лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары,бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар,бақылау тестiлерiнiң жинағы,телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi,әдебиеттер тiзiмi және интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер,озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары,үйренушiнiң жұмыс папкасы,мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану- оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Білім берудің кез-келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі — оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады,оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді,абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді,оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді,есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді,мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтар бойынша :белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы,мағлұматтың тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуі,электронды оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар,зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар,материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар,аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест,материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуына байланысты аталған ескертулер толық қарастырылуы қажет.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.