Жаңа сабақтар

ЭЛЕКТРОНДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

ДУЙСЕНБАЕВА ГАУХАР
Алматы қаласы, Алатау ауданы

«№ 152 мектеп – гимназия» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Болашақта жаппай білім беру,ағарту саласын қамтитын жаңа үрдістегі шығармашылық еңбек ол- электронды білім беру жүйесі болып саналады.

Яғни,электронды оқыту жүйесі –білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше.

Мұғалімдердің балалармен қарым-қатынасты жекелей жүргізуіне, түрлі идеяларын сабақ барысында іске асыруына, шығармашылықпен жұмыс атқаруына жаңа жоба үлкен мүмкіндік жасайды.

Ата — аналар үшін де электронды оқыту жүйесі өте тиімді.Жұмыстан қолы босамай,балаға көп көңіл бөле алмайтын ата-ана электронды журнал арқылы баласының білімімен танысып, мұғаліміне интернетте хабарлама жазып мектеппен байланысын жақсарта алады.

Аталған «Электронды оқыту жүйесінің негізін жасаған»Ұлттық ақпараттық технологиялар»акционерлік қоғамы.Онда инфрақұрылым мәселесі де шешілген,арнайы қаржымен қамтамасыз етілген,яғни электронды оқыту жүйесін жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.

Электронды оқыту жағдайындағы оқу процесінде пәндік оқулықтардың қалай оқытылатындығына келсек,электронды оқыту жүйесінде пән оқулықтарын цифрлық білім беру ресурстары алмастырады.Аталып отырған цифрлық білім беру ресурстары-Білім және ғылым министрлігінің білім беру порталында алдын-ала ілінеді.Порталдағы бар материалды оқушы да,ұстаз да тегін пайдалана алады.

Цифрлық білім беру ресурсын жасауға кәсіби бағдарламашылар,мультипликаторлар,дикторлар,білікті режиссерлар қатысады.

Цифрлық білім беру ресурстарына мультимедиалық тұсаукесерлер, анимацияланған карталар, кестелер, түрлі тұлға бейнелері, деректі фильмдерден үзінділер қызғылықты ретпен орналастырылған. Оқушы-лардың эмоциялық көңіл-күйінің көтерілуіне әсері көп. Түрлі-түсті иллюстрацияларға бай сюжетті оқиғаларды оқушылардың өздері өз бастарынан кешкендей,өте жоғары әсермен қабылдауы,сабақтың түсінікті меңгерілуіне өз септігін тигізеді.

Сонымен қатар, цифрлық білім беру ресурсында мектеп бағдарламасындағы барлық тақырыптар толық қамтылған.Жаңа білім алудың бағдарламасы мектептегі оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалған.Дайындалған әр тақырыпқа арнайы интерактивті тапсырмалар,тестік сұрақтар жасалған.

Цифрлық білімдік ресурстар, электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалдық тренажерлар, электронды ғылыми зерттеу мен әдістемелік жүйе, қашықтан электронды оқыту жүйесі, цифрлық оқытудың басқа түрлері жаңаша оқыту жүйесіне лайықталып қойылған.

Жаңа ғасырдағы жаңаша білім беру жүйесінің артықшылықтары -қолданбалы бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілер, оларды дайындау әдістемесі және оқу барысында пайдалану әдістемесі бойыншажоғары дейңгейдегі шеберлігінде.

Жаңаша білімді пайдаланудың ауқымы өте кең. Кез келген жерде, үйде, мектепте пайдалану мүмкіндігі зор. Сабақ үстінде түсінбеген кей сұрақтарына үйіне келген соң тақырыпты толық меңгергенше қайталайды.Мұнда кез-келген адам өзіне түсініксіз сауалға жауап таба алады.

Білім берудің бастауыш сатысынын бастап-ақ цифрлық білім беру ресурсын қалай пайдалануды оқушыларға мұғалім үйретеді.Өйткені,ұстаз-мектептің жүрегі.жалпы айтқанда,электронды оқыту-дәстүрлі білім берумен байланыста жүзеге асуда,олай дейтініміз ұстаз сабақ түсіндіру барсында қызықты деректерді қосымша пайдалануына мүмкіндік алады.

Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің тиімділігі ұстаздардың біліктілігін қажет етеді.Сондықтан да заман талабына сай ұстаз жаңа техникалық,педагогикалық жаңаша оқытуды өзінше шебер үйлестіре алатын маман болуы қажет.Сабақ барысында сабағының қай бөлігінде электронды оқытуды пайдалану керектігін өзі сабақ құрылымын жасау барысында ескеруі керек.

Қоғам ұстаздан үздіксіз ізденіс, біліктіліктің жоғарылығын талап етуде,яғни әр ұстаз педагогика саласындағы жаңашылдықтарды игерген тұлға болуы керек.Олай дейтініміз,тек шығармашылығы бар адам ғана оқышлардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай алады.

Электронды оқыту жүйесін пайдалануға үйрету бүгінгі күні Республикалық ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институтына жүктелген.Бұл,қажетті мәселе түрлі деңгейде ауқымды қалаларда талданып келеді. Электронды оқу жүйесін жүзеге асыру арқылы қала мен ауыл мектептеріндегі білім деңгейін де теңестіруге болады.

Бұл жүйені ұйымдастыруды Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асырады.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат — білім беру үрдісінің үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу. Мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізу қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырмақ.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады: Ұлттық білімдік мәліметтер қоры,мектептерді басқарудың ішкі жүйесі, электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book,оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі – LMS,оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі – LCMS, тестіні басқарудың ішкі жүйесі – TMS, дамытуды басқару ішкі жүйесі – DM, мониторинг және талдау ішкі жүйесі,сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Жалпы алғанда, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленеді.
Мемлекет те өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасауда.Бұл да өз кезегінде электронды оқыту жүйесін жүйелі іске асыруға септігін тигізеді.

Қазіргі заман — ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан,күн сайын ақпараттардың таралуы да артуда.Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамып келеді.
Ақпараттық — коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Елбасының «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,жеке тұлғаны оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары деңгейінде оқытып тәрбиелеуді мақсат етіп отыр.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ,мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызуда.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болуда. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің басты шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заманның негізгі талабына айналып отыр.

Атап айтар болсақ, ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Олай болса,әр оқушы,әр ұстаз ақпарттық сауаттылық пен ақпараттық технологияны жетік меңгеруге ұмтылғаны абзал.

Реклама

Добавить комментарий