ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИ ІМДІЛІГІ

ТОНКАЕВА ЖАНАР АУЕЛХАНОВНА
Алматы қаласы Алатау ауданы

«№ 152 мектеп – гимназия»КММ

Орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Білім берудің инновациялық технологиясы — бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған,оқыту,тәрбиелеу және басқару түрлерінің , әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы».

Инновациялық технология әрқашанда даму жағдайында жүзеге асырылады.Инновациялық технология шығармашылық ізденісті талап етеді.Білім беру технологиясын өзгерту қажеттігі Қазақстанның жаңаруына себеп болады.Инновациялық оқыту ерекшеліктері мыналарды қамтиды:

  • Жеке тұлғаға бағдарланған технологияны оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;
  • Ғылыми мектеп негізіне сай кәсіби құзыретті мамандар даярлау жүйесін жасау;
  • Кәсіби білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;
  • Оқу орнының отандық және шетелдік өзекті ортамен ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту;
  • Оқу орнында жалпы және кәсіби құзыреттілікті дамытуда бәсекелестік қалыптастыру;
  • Жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдасытру құрылымын және басқару мен өзін-өзі басқару әдістерін жасақтау.

Инновациялық оқытудың тиімділігі оқушылардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс дейгейімен анықталады, өз бетінше тиімді жұмыс істеуіне қажетті тапсырма үш түрге бөлінеді:

  1. Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрететін тапсырмалар;
  2. Белгілі заттар мен құбылыстарға іс жүзінде әсер етуге дағдыландыратын тәжірибелік тапсырмалар.
  3. Теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға дағдыландыратын тасырмалар.

Бұл мұғалім мен шәкірттердің арасында өзара ынтымақтастықпен өзін-өзі тану,өзін-өзі анықтау, өзін- өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру үрдісінің тиімділігін арттыруға, педагогикалық және әлеуметтік –мәдени қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталады.

Инновациялық оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда ескерілетін мәселелер:

  • ғылым жетістіктері мен оларды педагогикалық тәжірибеде пайдалану үрдісін тиімді қолдануға негізделген жаңашылдық;
  • оқу үрдісінде артық жүктеме түсірмей , жоғары сапаға қол жеткізу;
  • инновациялық оқытуда тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін қолдану.

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілін ,қазіргі заманауи инновациялық технологияны білу — әр ұстаздың міндеті.Сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасын арттыратыны сөзсіз.

Инновациялық технологиялардың бірі- ақпараттық технология.

“Инновациялық технологияларды қолдану арқылы жалпы білім беру ,жалпы техникалық және арнайы пәндерді кіріктіру жолдары.Ақпараттық технологияда ұстаз ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші болып саналады.Ақпараттың дәстүрлі әдістері,ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ауыстырғандай.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз- берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық мәселелерде кәдімгі технологияларды тиімді, жаңаша компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды дамыту, нақты жүзеге асыру.Ақпараттандырудың негізгі міндеті- мектепте компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы- оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық -құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.Ал, адамның ақпараттық мәдениеті дегеніміз- бұл адамның қоршаған ортадағы ақпараттық үрдістер туралы көзқарасын және білімін бейнелейтін, ақпараттық құралдармен бірге компьютерлік білімдерінің жиынтығы.

Ақпараттық біліктілік дегеніміз- адамның ақпараттық мәдениетінің ең жоғары деңгейі.Ақпараттық технологияны оқыту — технологияның бір түрі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының міндеттері- білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық , нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру; білім берудің мазмұны мен материалдық- техникалық базасын жаңарту; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру; кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.

Жалпы айтқанда, ақпарат- қығызушылық тудыратын , тіркеу, өңдеуді қажет ететін деректер мен құбылыстар, оқиғалар жиынтығы.

Ақпараттық үрдістер- ақпаратты жинау, жіберу,жинақтау, сақтау, іздеу, беру.Оқыту ісінде ақпараттық технологияны қолдану едәуір тиімді.

Ақпараттық технологияның жиі қолданылатын түрінің мағынасына тоқталсақ:

  • оқыту технологиялары;
  • оқытудың заманауи ақпараттық технологиялары.
  • мультимедиялық технологиялар;
  • ақпараттық ,білім ортасына байланысты түсініктердің әр түрлері.

Жаңа ақпараттық технологиялар құралдары кәсіби мақсатқа лайық қолдануды қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік , нормативтік — техникалық және ұйымдастыру-инструктивтік материалдармен бірге білім беруді ақпараттандыру құралдарын жасайды.

Инновация жаңалық жеткізуші , жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.

Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық түбірлі.

Модификациялық инновация- педагогикадағы әдіс- тәсілдерді жетілдіру.

Комбинаторлық инновация- белгілі әдістердің элементтерінен бір — біріне қосу.

Қорыта айтқанда, оқушыға сапалы білім беру үшін , инновациялық технологияны енгізу орта білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылуда.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.