Оқушылар шығармашылығы

Алматы қаласы, Алатау ауданы «№ 152 мектеп – гимназия» КММ
Тақырыбы: Аты-жөні Жетекшісі
1 Анашым. 4 «Б» сынып оқушысы Қорғанбек Ерасыл Дуйсенбаева Гаухар
2 Анама. Атама. Апама. 3 «Ж» сынып оқушысы

Байғали Айжан

Кусаинова Гульнаш
3 Отбасым. 2 «Ж» сынып оқушысы

Иса Еларыс

Шыных Жаналган
4 Апама. Ана. Әке. Ағам. 3«З» сынып оқушысы Сатыбалды Динара Масаева Гулханым
5 Жұмбақтар. 2«Ж» сынып оқушысы Қорғанбек Фараби Тонкаева Жанар Ауелхановна
6 Отбасы. 4«Е» сынып оқушысы

Спан Бану

Сарыбаева Сәуле
7 Аяулы ата-анам. 3 «Б» сынып оқушысы Мұхтаржан Айзере Елубаева Дариха
8 Туған күн. 3 «К» сынып оқушысы Сырбай Балым Ақпанова Тұрлыгүл
9 Біздің үйіміз. 2 «Н» сынып оқушысы Әбдірахман Ернұр Нұржанұлы Абдрахманова Жұлдыз

Анашым.

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Сен аяулы,сен сұлу,

Сен ғаламат данасың.

Ай қабақты анашым,

Аймалаған баласын.

Ақ сүтімен өсірген

Баласының санасын.

4 «Б» сынып оқушысы

Қорғанбек Ерасыл

Жетекшісі: Дуйсенбаева Гаухар

Анама.

Мен анамдай ең сұлу,

Таппаспын жан әлемнен.

Анамның ақ сүтінен,

Нәр алып өсіп, келем мен.

Атама.

Атам менің ардагер,

Жеңіске қосқан үлесін.

Суреттен көрдім майданда,

Ерлігін оның күресін.

Апама.

Арнаған баласына бар ғұмырын,

Төгетін бойымызға жан жылуын.

Апамның ең аяулы немересі

Мен ерке,мен ержүрек ұлымын ғой.

3«Ж» сынып оқушысы

Байғали Айжан

Жетекшісі: Кусаинова Гульнаш

Отбасым.

Әке-ана, ата-әжем,інім бар,

Арайлы таң,жарық сәуле күнім бар.

Теміржолшы,барлығы да еңбекшіл,

Династия жүз жылдықты үні бар.

Отбасыма арнайтұғын жырым бар,

Достарыма айтпайтын бір сырым бар.

Міне, менің бар құпиям, бар шыным,

Өлең жазып өнер қуған мектепте,

Иса тегі тегі Еларыс деген ұлың бар.

2 «Ж» сынып оқушысы

Иса Еларыс

Жетекшісі: Шыных Жаналган

Апама

Апаң сенің-қамқоршың.

Ауырып қалсаң сен егер,

Апаң дәрі береді.

Құлап қалсаң абайсыз,

Ол бірінші көреді.

Алма, шие, бананды,

Апаң алып береді.

Көмекке апаң келеді.

Ана.

Ана бізді өсірген,

Қатемізді кешірген.

Ана сенің «құлыным,

Деген сенің әрқашан,

Кетпес менің есімнен.

Сипайсың да басымнан,

Еркелетіп жүресің,

Тәтті ғой — деп қылығың.

Жымиып кеп күлесің.

Асыл анам, жан анам,

Сені сүйіп өтетін,

Жұрт сүйсініп қызығар,

Айгерімдей қызың бар.

Әке.

Әкем — асыл қамқоршым,

Сыйлап ,құрмет тұтамын.

Әкемнің айтқан ақылын.

Айтқызбастан ұғамын.

Ағам.

Ағам жақсы оқушы,

Үлгілі, оқу озаты.

Ағамның жақсы көремін.

Ел ұнатқан өнерін.

3«З» сынып оқушысы Сатыбалды Динара

Жетекшісі: Масаева Гулханым

Жұмбақтар.

Адам оны итеріп,басынады.

Ол алдынан айқара ашылады. Ол не? (есік)

Кешке қойсаң жаныңа,

Риза болып барыңа.

Таң атпай сені оятар,

Ұйықтап қалсаң тарыға. (сағат)

Онда болар, телеарна,

Электрмен істейтін.

Тек суретін көресің,

Аяқ-қол жоқ тістейтін (теледидар)

Сабаққа баратын балалар,

Салмайды оны еш қалтаға.

Бар бала қуанып затын сап,

Асады оны тек арқаға. (сөмке)

Тақтаның бір тірегі,

Секең-секең жүреді. (бор)

Ү й ішінде үлкен күн (жарық)

2«Ж» сынып оқушысы Қорғанбек Фараби

Жетекшісі: Тонкаева Жанар Ауелхановна

Отбасы.

Дүниедегі барлық адамдарда өз отбасылары болады.Отан-отбасынан басталады –деп дұрыс айтылған. Отбасы дегеніміз- бір-біріне жақын бір үйде тұратын адамдар.Барлық балалар отбасынан тәрбие алады.Олардың ата-әке,әже-аналары ақылын айтып отырады.

Менің де өз отбасым бар. Біздің отбасымызда алты адам бар.Олар:атам,әжем,әкем,анам және інім.Менің атам мен әжем зейнеткер.Олар ұзақ жылдар бойы темір жолда еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан.Ал, әкем мен анам да сол темір жолдың майталмандары.Кішкентай інім Мирас үш жаста.Ол үйде атам мен әжемнің қасындағы ойын баласы.

Мен өз отбасымды жақсы көремін.Менің ойымша, біз өте бақытты отбасымыз. Мен өз отбасыма тек қана жақсылық тілеймін!

Менің отбасым- ол менің кішкентай Отаным.

4«Е» сынып оқушысы

Спан Бану

Жетекшісі: Сарыбаева Сәуле

Аяулы ата-анам.

Ата-ана -баласының тірегі. Ата- бәйтерек, -бала- жапырақ дейді.

Егер әке-шеше болмаса біз қандай өмір сүрер едік? Мұны тіпті ойлағым келмейді.

Әке-шешем, ата-әжем, аға,інілерім –біздің үйдің ұйытқысы. Анам –ақылшым, әкем-қамқоршым.Атам мен әжем ертегіге үйрететін жандар. Біз бәріміз бір-бірімізге өте қамқормыз.

Әкем-пайдалы қазбада жұмыс істейді. Шешем –біздің асымызды әзірлеп, бізді тәрбиелейді.

Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.

3 «Б» сынып оқушысы

Мұхтаржан Айзере

Жетекшісі: Елубаева Дариха

Туған күн

Біздің отбасымызда әрқайсымыздың туған күніміз ерекше аталып өтеді. Бұл –біздің отбасымыздағы ең үлкен мерекенің бірі. Олай дейтінім,менің туған күніме жасалған сыйлық, достарым,фото альбомдағы жинақтарым менің бала кезімді есіме түсіреді.

Біз әкем мен анамның туған күніне жақсы баға мен жақс ы тілек айтып сыйлық жасаймыз. Менің кішкентай інім -туған күнін асыға күтеді.Өйткені оны қаланың ең жақсы саябағына апарамыз.

Ал, мен өскенде футболшы болсам -деп армандаймын.

Міне, біздің кішкентай үйіміз-үлкен тірлікпен өз өмірін қуанышта өткізуде.

3 « К» сынып оқушысы

Сырбай Балым

Жетекшісі: Ақпанова Тұрлыгүл

Біздің үйіміз.

Менің әкем -өте шебер адам. Ол бізге үлкен үй салып жатыр. Онда менің және сіңілілерімнің жеке бөлмелері болады. Ал, бізді мектепке әкеліп отыратын апам біздің -ең аяулы ,ең қымбат адамымыз. Мен әжемді бәрінен жақсы көремін. Өйткені ешкімнің әжесі менің әжем сияқты таңнан кешке дейін немересін жетелемейді,шаршамайды.

Ол тек менің ғана әжем. Біз сол әжемізге арнап ең қымбат сыйлықты жасаймыз. Енді жаңа үйімізге көшкенде апамның да өз бөлмесі болады.

Мен өз әкеме,бізге ас әзірлеп,бізді баққан анамызға,ең аяулы жан әжемізге алғыс айтамын.

2«Н» сынып оқушысы

Әбдірахман Ернұр Нұржанұлы

Жетекшісі: Абдрахманова Жұлдыз

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.