Оқушылар шығармашылығы

БҚО, Зеленов ауданы, Рубежин ауылы, Рубежин ЖОББМ-кешені
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Турсингалиева Кундыз Мейрамовна

3 «А» сынып оқушысы Утебаев Даулетбай
3 «А» сынып оқушысы Самат Кәусар
3 «А» сынып оқушысы Назарбеков Айбек

Менің елім — Қазақстан
Менің туып өскен жерім – Қазақстан. Менің Қазақстаным өте әдемі.Менің Отанымды жайнатып,көркейтіп отырған ел басшымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтар алғысым шексіз.Тыныш және тату елде өмір сүріп жатқаныма, бақытты күндерімнің көп болуына елбасымыз себепші.Менде сіз сияқты өскен де еліме адал қызмет атқарғым келеді.Елімді, жерімді, туып өскен ауылымды көркейтіп жайнатқым келеді.Мен қазіргі кезде 3-ші сынып оқушысымын.Арманым көп,соларға жету үшін жақсы оқып жүрмін.

Табиғат тіршілік тынысы
«Адамзаттың табиғатсыз-күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың-тілі жоқ».
Жер ананың алдындағы перзенттік парызымыз,бір-бір түп тал егіумен шектелмек емес. Кейбір адамдар табиғатты ластап қоқыс тастайды.Содан табиғат ластанады.Табиғат-барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын-ұя бесігі.Олар табиғат ананың тылсым тынысын тыңдап,үнін естейді,бірақ сол үнге салғырт қарайды.Табиғат тіршілік көзі.Оны әрбір әсері адам өмірінде үлкен рөл атқарады.Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес.Соны білейікші, жас достар!

3 «А» сынып оқушысы Утебаев Даулетбай

Көктем
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.

3 «А» сынып оқушысы Назарбеков Айбек

Туған жер
Туған жерден арайлап таң атады,
Нұрға бөлеп төңіректі шапағы
Таңғы шақта қандай ғажап табиғат,
Еріксіз сені елітіп өзіне шақырат.
Таңғы ауа сап алтындай таза ауа,
Тоярмысың қаншама оны жұтсаңда
Жұта бергің,жұта бергің келеді,
Ғұмыр бойы жұтып келе жатсаңда.

3 «А» сынып оқушысы Самат Кәусар

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.