Жаңа сабақтар

Абилжанова Зере Манарбековна

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Туғыл ауылы

КМҚК «Жасұлан» Ясли-бақшасы

Тәрбиеші: Абилжанова Зере Манарбековна

  • Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Жаратылыстану.
    Тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.
  • Білім беру саласы:Таным. Бөлімі: Жаратылыстану.
    Тақырыбы: Қармен таныстыру.
  • Білім беру саласы:Таным. Бөлімі:Жаратылыстану.
    Тақырыбы: Жабайы жануарлар.
  • Білім беру саласы:Коммуникация. Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
    Тақырыбы:Үйдегі жәнекөшедегі қауіпсіздік.
  • Білім беру саласы:Коммуникация. Бөлімі:Көркем әдебиет.
    Тақырыбы: «Жеті лақ » ертегісін сахналау.


Білім беру саласы
:Таным.

Бөлімі:Жаратылыстану.

Тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.

Мақсаты:Үй жануарларының төлдерін ажыратып,атай білу (марғау,күшік,бұзау,лақ,балапан және т.б.)

Көрнекіліктері:Үй жануарларының және төлдерінің суреті.

Іс әрекет бөлімі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері.

Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер — ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Үйымдастырушы ізденіс Өткен сабақты қайталау.

Үй жануарларының суретін көрсетіп оларды еске түсіру.

Ешкі,қой,күшік,мысық,ит,сиыр.

Олардың қысқаша пайдасын еске түсіру.

-Балалар, сендерді ата — әжелерің, ана — әкелерің ботақаным, қошақаным, құлыным,күшігім,балапаным деп еркелетеді ма?
— Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, үй жануарлардың төлдерінің аттарымен еркелетеді екен.
— Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
— Олардың төлі қалай аталады?
— Мынау қой оның төлің қозы дейміз.

-Мынау ит оның төлің күшік дейміз.

-Мынау мысық оның төлің марғау дейміз.

Сергіту сәті:
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.

«Не қалай дыбыстайды» дидактикалық ойыны.
Шарты: суреттерді пайдалана отырып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталайды.
Педагог жануарлардың суретін көрсетеді.
— Бұл не?
— Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?
— Мынау не?
— Қой төлін қалай атаймыз?
— Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?

-Мынау не?

-Ешкі төлін қалай атаймыз?

-Ешкі мен лақ қалай дыбыстайды?

Өткен сабақты еске түсіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергітуді қимылмен қайталайды.

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексивті түзету — Балалар үй жануарлары және оның төлдерін атап, қалай дыбыстайтынын сұрау.

Ойын сендерге ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

үй жануарлары және оның төлдері деп аталуын және олардың қандай дыбыс шығаратының біледі:

үй жануарларың және оның төлдерін игереді:

үй жануарлардың төлдерін ажыратуды меңгереді.

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Қармен таныстыру.

Мақсаты:Балаларды қармен және оның қасиетімен таныстыру.

Көрнекіліктері: Қар,қардың суретті.

Іс әрекет бөлімі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері.

-«Салем»,-дейміз,-алтын Күн,

-«Салем»,- дейміз, -Жер-ана.

-«Салем»,-дейміз баршаңа,- деп,бір-біріне тілектерін айтады.

Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Үйымдастыру

шы ізденіс

-Қараңдаршы ,бәрі қандай аппақ.
–Бұл- сиқыршы қыс,суретші сияқты барлығын ақ бояумен бояған.
-Қар қай мезгілде жауады?

Қар қыс мезгілінде жауады.
-Біз мынау аулада не көріп тұрмыз? (айнала аппақ қарды)

-Қардың түсі қандай? (аппақ)
-Балалар,соншама қар қайдан алынған?

Қар аспаннан жапты.
— Мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер оның шешуін табындар.
«Қыста ғана болады

Ұстасан қолың тонады» (қар)
-Не үшін қар керек?
Қар қорғайды ағаштарды,бұталарды,жәндіктерді суықтан тоңып үсіп қалмау үшін.
Ұлпалы көп қар жақсы егін мол болады.

Сергіту сәті:

Боран согар он жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су болады қолғаптар

-Қардың тағы бір касиетін білгілерін келеме.

Қыста біз жеңіл дем аламыз.Өйткені жауып тұрған қар ауадан шан бөлшектерімен жерге түседі.Сондықтан ауа таза болады,адам таза ауамен дем алады.

Зерттеу жұмысы.

-Мен тарелкеге қарды салып қойдым?

— Мынау тәрелкедегі қарға не болды?

-Ол еріп кетті.

-Неге ол еріп кетті?

Үйткені қарды жылы жерге акелсе ол еріп кеттеді.

Ойын «Қар жинау»

Шарты: екі топқа бөлініп мақтадан жасалған қарды жинап,себетке салудан жарысу.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергітуді қимылмен қайталайды.

Тыныш отырып тыңдайды.

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексивті түзету Қорытынды: Қардың түсі қандай?
Қар туралы не айтуға болады?

Қарды жылы жерге қойсақ ,қар не ыстейды?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Қардың түсін,қар туралы біледі:

Игереді:Жұмбақ шешіп,тәәжірибе жасап,қардың қасиетін:

Меңгереді: Қардың түсін,қасиетін,қай мезгілде жауатының.

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Жаратылыстану.

Тақырыбы: Жабайы жануарлар

Мақсаты:Орманда мекендейтін жануарларды ажырату және атау (түлкі,қоян,аю,қасқыр,тиін және т.б)

Көрнекіліктері:Жабайы жануарлардың (аю,қоян,түлкінің) суреті.

Іс әрекет бөлімі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Балалар бір-біріне тілек тілеп,шаттанады.

Кел,балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Үйымдастырушы ізденіс 1. «Қандай аңның жүрісі» ойыны.

Шарты: әр аңның жүрісін келтіру.Балалар жүрісін салған аңдарды атап шығады.

2.Жұмбақ шешу.

Тәтті көрсе,бас салар,

Айнымайды баладан.

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

3.Балалар біз бүгінгі сабақта осы жабайы жануарлар туралы әңгімелесеміз.

Жабайы аң –қолға үйренбеген тұз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді. Кейбір аңдар орманда, далада, тауда да тіршілік етеді.Олар өздерінен кіші күші әлсіз жануарларды жеп қоректенеді. Олардан барлық ұсақ аңдар қорқады:

Қоян,тышқан,көртышқан т.б барлық жыртқыштар жемтігін тауып жеуге бейімделген.Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген

Жабайы аңдардың да балалары болады.

Қасқырдың баласы –бөлтірік.

Қоянның баласы –көжек.

Түлкінің баласы –мыршай(жаутаң)

Аюдың баласы- қонжық.

4.Сергіту сәті:
Біз орманға барамыз,

Жан-жағымызға қараймыз .

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап,

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар,

Өз орныңды табыңдар.

5.Суретпен жұмыс:

-Суретте қандай аң бейнеленген?

Аю-жабайы аңдардың бірі.Аю араның балын жақсы көреді.Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап көректеніп,денесіне май жинап алады.Аюдың түстері қоңыр,ақ болып келеді.

-Аю қалай жүреді?

-Суретте қандай аң бейнеленген?

-Түлкі.

Түлкі әдемі,өте қу,айлакер аң.

Түлкінің түсі тоқсары.Күйрығы үзын жүні үлпілдек аң.Түлкі кіші күші әлсіз жануарлармен көректенеді.

— Түлкі қалай жүреді?

-Ал мына суретте қандай аң бейнеленген?

— Қоян.

Қоян қорқақ аң.Ол сәбізді,қырыққабатты жақсы көреді. Оның түсі жазда сүр ,ал қыста ақ болады.

-Қоян қалай жүреді?

-Міне,балалар жабайы жануарлар туралы көп нәрсені білдік.Сондықтан да аңдарға қамқорлық көрсету керек.

Балалар педагогпен бірге ойнайды.

Балалар суретке қарап ,жұмбақтардың шешуін айтады.

-Аю.

-Түлкі.

-Қоян.

Тыныш отырып тындайды.

Сергітуді қимылмен қайталайды.

-Аю.

-Педагогтің көмегімен бірге жауап береді.

-Қорбандап.

(Аюдың жүрісін салады).

-Майысып,бұландап.

-Қорқақ.

-Секіріп

Рефлексивті түзету Сұрақтар:

1.Жабайы жануарларға нелер жатады екен?

2.Олардың балаларын қалай атайды екенбіз?

3.Олардың жүрістерін көрсету.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

жабайы жануарларды бір-бірінен ажырата біледі:

жануарлардың тіршілігі,жүрісі туралы білімді игерді:

жануарлардың тіршілік ортасы туралы білімді меңгерді.

Білім беру саласы:Коммуникация.

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:Үйдегі жәнекөшедегі қауіпсіздік.

Мақсаты: Балаларға үйдегі және көшедегі қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру:үйде,көшеде,сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту;үлкендердің айтқанын тыңдауға бауылу.

Әрекеттердің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балаалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық -Балалар дөңгеленіп тұрып,бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.

Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады.
Үйымдастырушылық-ізденістік — Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр.

— Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама?

-Неге жүгіруге болмайды?

-Үстел үстіне, терезе алдына шығуға болама?

Неге шығуға болмайды?

-Есікпен ойнауға болама?

-Не үшін болмайды?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.

«Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді.

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?

Жұмбақжасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен байқасам

Үш түрл і нұр шашады

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның көшедегі қызметі қандай?

Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға болмайды балалар.
Ойын: «Сақ бол!»

Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру). Балалар ойынды қызыға ойнады.

Ойын:«Жақсы – жаман»

Шарты:заттардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.

— Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Балға жаман қолыңды ұрып алсаң.

-Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң денеңді жарақаттайсың.

-Қайшы жақсы, керек заттарыңды қиясың.Қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін.

-Сіренке жақсы, онымен от жағып, тамақ пісіреміз, жылынамыз.Сіренке жаман- өрт шыгуы мүмкін

— Жоқ, топ ішінде жүгіруге болмайды, себебі, құлап жарақаттануымыз мүмкін.

-Жоқ, үстел үстіне, терезе алдына шығуға болмайды. Құлап бір жерімізді ауыртып алуымыз мүмкін…

Балалар тәрбиешінің көмегімен сұраққа

жауап қайтарады.

Бағдаршам.

— Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалардың жауаптары.

Рефлексиялық түзетушілік Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық? — Көше және үй қауіпсіздігі .

Қорытындылау.Сұрақ – жауап

Мадақтау.

Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:

көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды біледі.

көшеде,үйде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын игереді: қоғамдық жерлерде,үйде өзін – өзі ұстау дағдыларын меңгереді.

Білім беру саласы:Коммуникация.

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жеті лақ » ертегісін сахналау.

Мақсаты:Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын,ауыз екі сөйлеуін дамыту.Ертегілермен таныстыр,сұраққа толық жауап бере білу жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді ажырату.

Ертегіні мәнерлеп,дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу,рольге бөліп ойнау,баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: атрибуттар,суреттер,хрестоматия.

Сөздік жұмыс: қасқыр,лақ,ешкі.

Іс әрекет бөлімі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Балалар бір-біріне тілек тілеп,шаттанады.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық!

Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Үйымдастырушы ізденіс 1. Кіріспе әңгіме.

-Балалар біз қандай ертегілерді білеміз?

-Осы ертегілерді қандай кейіпкерлерді кездестірдік?

-Қоян қандай аң?

-Түлкі қандай аң?

-Аю қандай аң?

-Бүгін біз ,балалар, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз.Ертегіні оқып беріп мазмұнын айту.Бүгінгі біз сахналайтын ертегімізде қасқыр лақтарды жемейды,ол лақтарды анасына өзі қайтарып береді.

Сұрақ-жауап арқылы балаларды жетелеу:

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

-Анасы лақтарға не айтты?

-Анасы кетіп қалғанда не келді?

-Қасқыр қандай аң?

Педагог рөлдерді бөліп,атрибуттарды үлестіреді.

Автор:Ертеде бір ешкі мен жеті лақ болыпты.Олар орманда өмір сүріпті.Ешкі орманнан азығын тауып ,жинап әкеледі екен.Ешкі орманға кетерінде былай дейді.

Ешкі: Лақтарым шырақтарым шұнақтарым есікті ешкімге ашпандар,мен сендерге шөп,сүт әкелемін.

Лақтар: Жарайды,есікті ешкімге ашпаймыз.

Автор:Лақтар үйде ойнап,секіріп қала берді.Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр,

ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді.

Қасқыр: Лақтарым шырақтарым,

шұнақтарым анаң орманнан келді, есікті ашыңдар.

Лақтар: Мә-мә есікті ашпаймыз сен біздің анамыз емессің. Сенің дауысың жуан,ал анамыздың дауысы жіңішке.

Автор: Сөйтіп лақтар қасқырға есікті ашпайды,орманнан анасы оралады.

Ешкі: Лақтарым шырақтарым,құтындаған шұнақтарым есікті ашыңдар,аналарың шөп,сүт әкелді.

Автор: Лақтар есікті ашады аналары үйге кіреді.Лақтар қасқыр келгенің,есікті ашпанғандарын айтады.

Ешкі: Жарайсыңдар лақтарым! Мен орманға тағы кетемін,ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар.

Автор: Ешкі орманға кетеді,ал қасыр ұстаға барып тамағын жондыртып,тағы да келеді.

Қасқыр: Лақтарым шырақтарым,құтындаған шұнақтарым мен сендерге сүт,шөп әкелдім есікті ашыңдар.

Автор: Лақтар құанып есікті ашып жіберсе,ол-қасқыр.

Қасқыр: А-а-а мен сендерді ұстап үйіме алып кетемін.

Автор: Алты лақты қасқыр алып кетеді ,ал бір лақ тығылып қалады.Орманнан ешкі оралады,үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.

Ешкі: Лақтарым шырақтарым қайдасыңдар?

Автор: Тығылып қалған лақты тауып алады.

Лақ: Анашым,лақтарды қасқыр алып кетті.

Ешкі: Жүр ендеше орманды аралап қасқырдан сұрайық.

Автор:Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдарыңнан аңшы шығады.

Ешкі: Аңшы сен менің лақтарымды көрдің бе?

Аңшы:Жоқ,көрген жоқпын,жүр бірге

іздейік.

Автор: Сөйтіп аңшы мен ешкі келе жатса алдарынан қояндар шығады.

Ешкі: Қоян-қоян сендер менің лақтарымды көрдіңдер ме?

Қояндар; Жоқ,көрген жоқпыз жүріңіздер біз сіздерге жол көрсетейік.

Автор: Сөйтіп ешкі,аңшы,қояндар келе жатса алдарынан түлкі шығады.

Ешкі: Түлкі сен менің лақтарымды көрдің бе?

Түлкі: Ия,оны қасқыр алып кетті.Жүріңіздер мен сендерге жол көрсетейін.

Автор: Сөйтіп ешкі,аңшы,қояндар,түлкі қасқырға барады.

Ешкі: Қасқыр сен,менің лақтарымды көрдің бе?

Қасқыр: Ия,лақтарынды мен алып кеттім.Оларды жейін дебем,бірақ ол ойдан бас тартым.

Ешкі: Не дейді.

Қасқыр: Лақтарын сондай сүйкімді екен,мен олармен дос болдым.

Автор: Сөйтіп қасқыр лақтарды аман –есен ешкіге қайтарады.

Ертегі жақсы аяқталады,лақтар енелерімен қауышады.Орман тұрғындарының бәрі тату-тәтті өмір сүре бастайды.

Өлең айтады:

Секең-секең,ей,лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ,

Тыным тапсаң болмай ма,

Секірмей-ақ кей уақ.

-«Үш аю», «Мақта қыз бен мысық», «Шалқан», «Бауырсақ»

Балалардың жауабы.

-Аңқау,қорқақ.

-Қу ,айлакер.

-Аңқау,маймақ.

-Зұлым,сүйкімсіз.

Тыныш отырып тындайды.

-Ешкі,лақтар,қасқыр.

-Есікті ешкімге ашпандар деді.

-Қасқыр.

-Зұлым,сүйкімсіз.

Балалар ертегіні рольге бөлініп сомдайды.

Балалар өлеңді айтады.

Рефлексивті түзету -Ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегі қалай аяқталды?

-Қасқыр лақтарды жеп қойды ма?

-Ешкіге лақтарды табуға нелер көмектесті?

-Басқа ертегілердегі қасқыр зұлым болса,ал біздің ертегімізде қасқыр қандай болды екен?

Балаларды мадақтау.

Балалар жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын біледі;

Мейірімділік,достық,қайырымдылық қассиеттерін игереді;

Шығарманы зейін қойып тыңдауды меңгерді.

Реклама

Добавить комментарий