Жаңа сабақтар, Жаңалықтар, konkurs

ТВОРЧЕСКИЙ КОНКУРС

Реклама
Жаңа сабақтар

Тәрбиеленушілер шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
КМҚК «Жасұлан» ясли-балабақшасы
Тәрбиеші: Терликбаева Гульназ Болатбеккызы

«Балдырған» тобының тәрбиеленушілері:

Шығармашылық білім саласы бойынша Жапсыру сабағы
«Қанқыз»- Мұхтарұлы Әсет

Таным саласы бойынша құрастыру сабағы
«Жаңа жылдық ойыншық»- Қасайынов Диас

Республикалық ән байқауы конкурсының 2 орын иегері — Ерзат Нариман

Шығармашылық саласы бойынша мүсіндеу сабағы
Тасбақамен таныстыру- Аскербеков Қанат

Жаңа сабақтар

Тәрбиеленуші шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли балабақшасы

Тәрбиеленуші: Ерболатова Айша
Жетекшісі: Акишева Гульбаршин Айткалиевна

Тақырыбы: «Тұғылым Тұғырым»
Мен Тұғыл балықшы ауылында тудым. Өз ауылымды жақсы көремін. Атам балықшы. Біздің Зайсан көлінде көп балықтар бар: сазан, шортан, көксерке. Балықтан көп тамақ жасауға болады. Сүйікті тамағым балық сорпасы. Тұғылымды мақтан тұтамын.

Тақырыбы: «Менің балабақшам»
Мен ауылдағы балабақшаға барам. Балабақша екі қабатты.Мен «Балақай » тобындамын. Тәрбиеші апайлар Гульбаршин апай және Гульмира апай.Апайларды жақсы көреміз. Олар бізбен сабақ жүргізеді. Топтың іші әдемі, жақсы. Ойыншықтар бар, балықтар мен топта тасбақа бар. Оларды күтеміз, жем береміз. Балабақшаға барғанды жақсы көремін.

Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мен ауылда тұрамын. Бізде бағдаршам жоқ, бірақ бағдаршам туралы білемін. Оның үш көзі бар. Біреуі қызыл от сияқты жүруге болмайды, екіншісі сары күнге ұқсайды, үшінші көзі жасыл жасыл шөпке ұқсайды, жүруге рұқсат дейді. Мен барлық ауылда бағдаршам болғанын қалаймын.

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншығым.»
Үйде ойыншықтар көп. Менің жақсы көретін ойыншығым қуыршақ. Қуыршағымның аты-Айару. Ол әдемі, шашы қара. Көйлегі ақ, қызыл моншағы бар. Кейде жылайды, өлең айтады. Мен оны жуындырып,әдемі етіп, шашын тараймын.

Тақырыбы: «Сүйікті жануарым»
Менің үйімде күшігім бар.Ол әлі кішкентай. Күшігім жұмсақ, доппен ойнағанды жақсы көреді. Ойнағанда жүгіріп, мені қуып жетеді. Түрі сондай сүйкімді. Сүт ішеді, оны анам екеуміз суға түсіреміз. Ұйқысы жақсы. Оны керемет жақсы көремін. Мен жоқ болсам ол мені іздейді.

Жаңа сабақтар

Қауызыңды, жарасың, қашан – бағым?!

Молдағалиев Ерхан Болатұлы
Ақын, тілші. «Түн жарымда жүреді періштелер» кітабының авторы…
Қостанай облысы Рудный қаласы №7 мектеп-гимнасиясы КММ сің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қауызыңды, жарасың, қашан – бағым?!

Сатып,
Алар ма? – едік, таңдамай гүл,
Жан иесі, таңдауы, әр қалай бұл…
Өзге гүлді, суырып, өзегінен,
«Өз қауызын», кей жандар, аңдамай жүр…

Қыламыз да,
Үнемі, үрін – себеп,
Кейінгі орын, етеміз, күтім тежеп.
Әр істің де, өзіндік, уақыты бар,
Сол себепті, бәрін де, «күту қажет»…
Продолжить чтение «Қауызыңды, жарасың, қашан – бағым?!»

Жаңа сабақтар

ЖЕТІМ…

«Түн жарымда жүреді періштелер» кітабының авторы…
Қостанай облысы Рудный қаласы №7 мектеп-гимнасиясы КММ сің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімІ

10

Молдағалиев Ерхан Болатұлы

ЖЕТІМ

2007-жылдыңкүңіренгенкүзі. Мұңжамылған, тұңғиықтылсымсырғатолыжапырақтартізбегі, бейнебірсағынышхаттарыіспетті. Ақ қайыңнан саудырап түсіп жатыр…
Қаулаған гүл, қара жер қойнауына еріксіз сүңгіп, аяқ астына тапталып, кешегі жайқалған жасыл шалғын қурап жаншылған. Бейне бір, құстар үнінен еріксіз мүлгіген ауыл тынысы тарылғандай. Түнек тынған күн болатын.
Таң атып, кеш қарайған шақта, тұңғиық бір түнекке еліткен, терезе саңылауынан сұқтана төнген сәулелі нұрдан еш жылу таба алмай, жарасымы ғайыптық күй кешіп жүрмін. Себебі, ардақты асқар тау әкемнің дүние салғанына екі жылдың жүзі болған.
Аяулы, арқа сүйер анашымның, қаладағы емханадан келер күнін санап, жолын тосып жүрген кезім. Қала жақтан сыры ұшып, сүмектей сүйретілген сары автобус, аялдамадан сәл аса бере тоқтады. Үміттене, үздіккен жанарыма үш қара көрінді. Бір әйел мен екі ер кісі. «Бұл, кім болды екен» — деп, таңдана қарап тұрғанымда, қапталдан, қабырғалас көршім. «Мынау, сенің туыстарың емес пе?» — деді. Естей сала, ентіге жүгіріп, қонақтармен амандасып, қолындағы жүктерін жымыра ұстап, жәрдем етуге асықтым. Бұл үштіктің қаралы хабарды да арқалап келе жатқанын қайдан білейін… Продолжить чтение «ЖЕТІМ…»

Жаңа сабақтар

Бұйымның нобайын орындау

Алматы қаласы, Алатау ауданы № 169 мектеп-лицейінің

Бейнелеу өнері, сызу және көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Туреханова Шолпан Момынбаевна

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп-лицей№169
Күні:17.11.2018ж Мұғалімнің аты-жөні:Туреханова Шолпан Момынбаевна
Сынып: 7 «Б» Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы Бұйымның нобайын орындау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) 7.1.5.2

Бұйым жасауда әртүрлі әдістемелік құралды қолдана отырып (оның ішінде АКТ қолданып), нобайлар, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау

Сабақ мақсаттары
  • Бұйым жасауда әртүрлі графикалық құралдарды қолдана отырып (оның ішінде АКТ қолданып), нобайлар, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау тәсілдерімен таныстыру;
  • көркемдік материалдармен құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Эстетикалық талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту Продолжить чтение «Бұйымның нобайын орындау»