Жаңа сабақтар

Менің сүйікті пәнім

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика –
математикалық мектеп – интернатының
6 «а» сынып оқушысы Әбдірова Айдана Асылбекқызы
Жетекшісі:Жубаева Венера Бауыржановна

Менің атым- Айдана. Менің жасым 10-да. Мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 6 сынып оқушысымын. Біздің мектепте түрлі пәндер бар: орыс тілі,орыс әдебиеті, математика, ағылшын, қазақ тілі т.б. Кейбір оқушылар шет тілін меңгеруді оңай деп қабылдайды. Ал кейбір оқушылар математика, биология деген сабақтарды жақсы меңгереді.

Ал мен ағылшын тілін жақсы меңгеремін және де ол менің сүйікті пәнім. Қазір ағылшын тілі — мәдениет және саясат, халықаралық қарым-қатынас тілі. Қазір ағылшын тілі бала-бақшаларда, мектептерде және университеттерде оқытылады. Және ағылшын тілі — атақты әдеби тіл екенін ұмытуға болмайды. Бәріміз білетін атақты ақындар, мысалы: Уильям Шекспир, Даниэль Дефо, Агата Кристи және т.б. Бірақ олардың шығармаларын барлығы түп нұсқада оқи алмайды.

Мен ағылшынша кітап, газет-журналдарды көп оқуға тырысамын. Және ағылшынша өлеңдерді, оқытушы дисктерді көп қараймын. Біздің ағылшын пәнінен беретін мұғаліміміз — тәжіребиелі педагог. Біз сабақта оқимыз, жазамыз, сөздерді қайталап, сұрақтар қоямыз.

Мен болашақта ағылшын тілінде жақсы сөйлеймін деп үміттенемін. Ағылшын тілі адамдарға әртүрлі мемлекеттерге барғанда бір-бірімен сөйлесуге, жазуға көмектеседі. Шет тілді білу, барлығымыз үшін міндетті деп ойлаймын.

Реклама

Добавить комментарий