Жаңа сабақтар

Күзеубаева Гүлназ Каменовна

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли-бақшасының бейнелеу өнерінің оқытушысы
Күзеубаева Гүлназ Каменовна

  • Тақырыбы: Әртүрлі түстегі қақпалар.
  • Тақырыбы: «Бауырсақ».
  • Тақырыбы: «Тиін жаңғақ кеміреді»
  • Тақырыбы: «Натюрморт» (сурет салу)
  • Тақырыбы: Айдарлы әтеш

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Әртүрлі түстегі қақпалар.

Мақсаты:

а) Қарындашты үш саусақпен дұрыс ұстап отырып, ұшын сәл жоғары, қатты қыспай, оң Қолмен қағаз бетінде төменнен жоғары қарай, оңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай қысқа және ұзын сызықтар жүргізе білуді үйрету;

ә) Балалардың саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;

б) Суреттерді ұқыпты жасай білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден сары түсті қағаз, екі түсті қарындаш, ойыншық аю.

Сөздік жұмыс: қақпа

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог қарындаштың көмегімен ұзын жолдарды қалай салғандарын балалардың естеріне түсіреді.

— Балалар, аю өзіне керемет қорған салып, оның қақпасын салуды ұмытып кетіпті, енді сендермен ойнауға шыға алмай, қақпа жасауда өздеріңнен көмек сұрап отыр.

— Көмектесеміз бе, балалар?

Балалар көңіл қойып тыңдайды.

— Көмектесеміз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік — Ендеше, біз қарындаштың көмегімен аюдың қорғанына әдемі қақпаларды салып, аюды өзімізбен ойнауға шақырамыз.

Педагог алдымен балаларға қарындашты дұрыс ұстатып, ауада қақпаның суретін салуды ұсынады. Содан кейін қарндашты үш саусағымен қыспай ұстай отырып, қағаздың бетіне төменнен жоғары қарай ұзын сызық, солдан оңға қарай қысқа сызық, жоғарыдан төменге қарай ұзын сызыұ жүргізетінін түсіндіреді.

Балалар жұмысқа кіріседі.

Педагог балалардың салған қақпаларын көріп, олардың ідемі болып шыққанын айтып, жатқанда аю келіп кіреді. Ол балалардың салған суреттерін көріп, олардың өзінің ризашылығын білдіреді. Енді балалармен ойнағысы келетінін айтады.

Бәрі бірге «Бейнені құрастыр» ойынын ойнады.

Балала педагогпен бірге ауада сызықтар сызып, қақпаның суретін салады.

Балалар педагогтің нұсқауы бойынша төменнен жоғары қарай ұзын, оңнан солға қысқа, жоғарыдан төмен қарай ұзын сызықтар жүргізеді.

Балалар да аюмен ойнағысы келетінін білдіріп, өз қалаулары бойынша ойын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік Барлық баланың салған суреттерін тақтаға іліп, педагог балалардан қандай түсті қақпа салғандары жайлы сұрайды.

Аю балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, ол үшін көңілді музыка қойылып, барлығы аюмен бірге би билейді.

Балалар өздерінің салған суреттері жайлы әңгімелейді.

Білім беру саласы : Таным.

Бөлімі : Құрастыру

Тақырыбы: «Бауырсақ».

Мақсаты: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағаздарды умаждау арқылы белгілі бір затты жасауға болатынын түсіндір.Қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Балалардың құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал- жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, сүттің босаған қораптары, 4\1 бөлікке бөлінген сары түсті жұмсақ қағаздар,үлестірмелі материалдар.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру,көрсету, «Бауырсақ» ертегісін оқып беру, сұрақ-жауаптар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

Қозғаушылық

Жылы лебіз. Балалар алақан арқылы бір біріне жылы лебіздеріін білдіреді.

«Бауырсақ» ертегісін еске түсіру, суреттері немесе үстел үсті театры арқылы әңгімелеу.

Ата мен әжені көрсете отырып,Бауырсақ қаңдай аңдарға кездескенін сұрайды.

Балалар қоян,қасқыр,аю және түлкіге Бауырсақтың кездескені туралы айтып береді.
Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Есік қағылып қонаққа Бауырсақ келеді.Педагог «Бауырсақ бүгін көңілді,ол сендерге өзі сияқты бауырсақты қағаздан жасап беруді өтіне келіпті.Жасап берейікпе?»- деп балалардан сұрайды.

Ол үшін: сары түсті қағазды алып оны4\1 бөлігін саусақтарымен басып,умаждап көрсетеді,әр балаға қағаз таратып беріп,енді оны өздері умаждауларын сұрайды, қағазды ашып жазып көрсетеді де қайтадан тағы да умаждау керектігін айтады.Осылай үш рет ашып,бүктеп умаждайды.Қағаз «домалақталады»бұл Бауырсақ болады.

Педагог сүттің бос қорабынан екі шағын топқа арналған көрнекілік дайындайды.Қораптың сырты бір түспен қапталған және оның бір бетінде қоян мен қасқыр,екінші бетінде аю мен түлкінің суретін жапсырып дайындап қойған.

Педагог қораптарды бірінің үстіне бірін қойғанда ертегі кейіпкерлері құрастырылатындығын түсіндіреді.Екі топтан кезекпен балалар шақырылып,суреттерді құрастыру ұсынылады.

Бауырсақпен амандасады. Өздеріне берілген қағаздарды саусақтарымен басып,алақандарына салып умаждайды.Осы іс-әрекет түрін бірнеше рет қайталайды.Қағаз домалақтанып,Бауырсақ пішіні шығады. Балалар қораптарды бірінің үстіне бірін қою арқылы қоянның, қасқырдың,аюдың және түлкінің бейнесін құрастырады.
Рефлексиялық- түзетушілік Балалар бүгінгі сабақта не жасағандары жайында айты береді,қалай жасады,неден жасады? Балалар бауырсақты бір кейіпкерден екінші кейікерге қарай домалатып ойнайды. «Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіріп,әңгімелеп,қағаздан бауырсақ бейнесін жасағандарына қуанады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тиін жаңғақ кеміреді»

Мақсаты: Тиін, тиіннің тіршілігі туралы түсінік беру. Тиіннің мүсінін жасай білуге, дене бөліктерін біріктіріп қосу, шымшып қысу, дөңгелектеу тәсілдерін үйрету. Балалның ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Ұқыпты жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесе білуге баулу.

Қолданады: Тиіннің суреті, ермексаздар, тақтайшалар, стекалар, сулы сүрткіштер, қарағайдың бүрі, емен жаңғақтары.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

(Ө. Тұрманжанов)

— Көп рақмет! Өміріміз жақсылыққа, күлкіге толы болсын!

Баллар шаттық шеңберін қимылмен жасайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Әңгімелесу:

— Балалар, қараңдаршы, мынау ненің суреті?

— Тиін қайда өмір сүреді?

— Немен қоректенеді?

— Ол қандай аң?

— Үлкен бе, кіші ме?

«Дұрыс орналастыр» ойыны.

Мақсаты: Аңдардың мекенін дұрыс таба білуге үйрету, көңіл күйлерін көтеру.

Барысы: Бірнеше баланың қолына аңдар мен құстардың суреті беріледі. Олар оны тақтадағы мекеніне дұрыс орналастыруы керек.

— Өте жақсы, балалар!

Үлгіні көрсету:

1. Тиінді мүсіндеу үшін қоңыр немесе қызғылт сары түсті ермексазды алып, кішірек және үлкен етіп екі бөлікке бөлеміз.

2. Үлкен бөлігін алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіріп, артқы бөлігін дөңестеу қалыпқа келтіреміз.

3 Ермексаздың кіші бөлігінен басын домалақтап жасап, созу арқылы тұмсығын шығарамыз.

4. Ермексазды созу әдісімен аяғын, қолын жасаймыз.

5. Ермексазды жалпақтау арқылы кескішпен құйрығын бастырып кесіп алып, денесіне жапсырамыз.

6. Көзін, мұрынын жасаймыз, орналастырамыз.

Проблемалық сұрақ қою:

— Тиінімізге не жетпей тұр?

— Енді, тиінге жаңғақ сыйлайық. Тиіннің қолына жаңғақ ретінде қарағайдың бүрін, емен жаңғағын қыстырып қоямыз.

Дербес іс-әрекет, жеке жұмыс:

Әркім өз бетінше тиінді мүсіндейді.

«Отырып-тұру» сергіту сәтін орындайды.

— Бұл – тиіннің суреті.

— Тиін орманда тіршілік етеді. Үйі ағаш басында болады.

— Жаңғақ жейді.

— Жабайы аң.

— Кішкентай.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар көрсетілген үлгіге мұқият қарап отырады.

Балалар көрсетілген үлгіге мұқият қарап отырады.

— Жаңғақ.

Балалар жұмысқа кіріседі. Кейін дайын болған тиін мүсініне қысып, басу арқылы қарағай бүрлерін, емен жаңғағын орналастырады. Балалар тиінге жаңғақ сыйлағандарына қуанады.

Рефлексиялық-түзетушілік — Балалар, жасаған тиініміз өте әдемі болыпты. Кешке ата-аналарың келгенде қуанатын болды.

Қорытындылау, мадақтау.

Балалар өздерінің және достарының жасаған жұмыстарын талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тиіннің тіршілік ету ерекшеліктерін.

Игереді: Әр түрлі жолмен мүсіндеудің тәсілдерін.

Меңгереді: Ұқыпты, таза жұмыс жасау қабілетін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тақырыбы: «Натюрморт» (сурет салу)

Мақсаты: Суретші П. Кончеловскиймен таныстыру. Натюрморт жанры туралы білім беру. Таза, ұқыпты салуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: натюрморт.

Қолданады: натюрморттың суреті, ақ парақтар, қылқаламдар, гуашь, қол сүлгілер, қылқалам қойғыштар, су құйғыштар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Терапия

— Көзімізді жұмып терең тыныс аламыз

— Енді саусағымыздың ұшымен ауада сосын кілемде сурет саламыз.

— Өздерінді бір сәтке суретшілер болып сезініп көріңдер

Терен тыныс алады. Ауада, кілемде әр түрлі қимылдар жасап, суретші сияқты сурет салады.
Ұйымдастырылған-ізденістік — Бүгін біз суретші Кончоловскиймен танысамыз. Ол мынадай сурет салған (П.Кончоловскийдің суретін көрсету).

— Бұл суреттердің аты натюрморт.

— Алдында қандай суреттермен таныстық?

— Пейзаж суреттерінде табиғат бейнеленеді. Ал, натюрморт суреттерінде үстелдің үстінде тұрған заттарды бейнелейді. Әр түрлі ыдыс, алма, алмұрт.

Ал бүгін біз осы натюрмортты саламыз. Сендерге біз дайын суретті береміз. Мына үстелде ыдыс тұр, осы ыдыстын ішінде не бар?

Ал осы ыдысты толтыру үшін, натюрморт салу керек. Ол үшін біз қазір алма мен алмұрт саламыз.

Техникалық дағдылар:

Қылқаламды қызыл түске батырамыз. Алма саламыз, алма дөңгелек. Содан соң қылқаламды суға жуып, сары түске матырып, алмұрт саламыз. Алмұрт бізде сопақша. Ендеше өзіміз салып көрейік.

Сергіту сәті:

— Орнымыздан тұрамыз,

Шапалақты ұрамыз.

Аласа биік, аласа биік,

Отырамыз, тұрамыз.

Дербес іс-әрекет, жеке көмек.

Суреттерге мұқият қарап отырады.

— Пейзаж.

Техникалық дағдыларды мұқият бақылап отырады.

Өздері дербес сурет салады.

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік — Бүгін біз қандай суретшімен таныстық?

— Ол суреттерді не деп атаймыз?

— Натюрмортта не бейнеленеді екен?

— Өте тамаша, сендер бүгін натюрмортты жақсы салдындар!

Сұрақтарға жауап береді.

Өздерінің алған әсерлерімен бөліседі. Қуанышты сезімде болады.

Жеке жұмыс: Орыс тілінде сөйлейтін балаларға қазақша сөздердің мағынасын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Балаларды натюрмортпен таныстыру, салу жолын меңгерту.

Біледі: Натюрмортты салуды.

Түсінеді: Таза, ұқыпты салу, әдемі салу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:« Шығармашылық»

Бөлімі: «Жапсыру»

Тақырыбы: Айдарлы әтеш

Мақсаты: Әтештің бөлшектерін ретімен орналастыруға үйрету. Ойлауын, қиялын дамыту.Әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: үлестірмелі материалдар,үй құстарының суреті, дауысы, қайшы, желім

Сөздік жұмыс: тауық, әтеш, айдар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешенің әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Мотивацияыққозғаушылық Таңғы шеңбер

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

-Ал балалар сиқырлы паравозға мінейік, қалып қоймаңдар.

Өлең жолдарын қайталайлы,

Бір бала паравоз болады, оған екі баладан отырады.

Үйымдастырушылық –ізденістік — Қане бір-бірімізбен әтеш, тауық сияқты амандасайық.

Слайд бойынша құстардың суретін көрсету.

— Үй құстарын қалай күту керек?

— Өте дұрыс, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Егер жұмбақтың шешуін тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекеттің жауабын табасыңдар.

Жұмбақ:

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

— Ол не?

— Әтештің басында несі бар?

— Қанатын қалай атауға болады?

— Бүгін біз айдарлы әтешті жапсырамыз.

— Алдымен дөңгелектеп басын қиып аламыз.

— Одан кейін бұрыштарын шығара отырып, кеудесін қиып аламыз.

— Қалғанын асықпай қиып аламыз, өйткені ойық тұстарын абайлап қимасаң дұрыс болмай қалады.

— Бағалау: «Ең сымбатты әтеш»

— Сергіту сәті: «Балапандар» ойыны

Үй құстарының дауысын салып, бастарын изеп амандасады.

Жем, су беру керек

-Ол әтеш

Айдары бар, қауырсын деп атаймыз

Барлық бөліктерді үлгіге қарап жапсырады.

Музыка үнімен балапан сияқты жүгіреді. Тыңдайды

Рефлексиялық түзетушілік -Балалар, бүгін біз ненің суретін жапсырдық?

-Қане, әтеш сендерді қалай оятады.

Балалар, әтеш болып шақырады.

Ку-ка-ре-ку

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: әтешті бірнеше бөліктерден жапсырады;

Болу керек: әтештің таңертең шақыратынын;

Реклама

Добавить комментарий