Салауаттылық өмір өзегі

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,

42 Жалпы білім беретін мектептің

биология пәнінің мұғалімі

Князова Мақпал Камбарбековна

Тақырып: Салауаттылық өмір өзегі

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: тазалық, имандылық

Мұғалiм______________________________Сынып_____Оқушылар саны____

Сабақтың мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

а) салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

ә) салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

б) денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Р.Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесін талдау.

  • Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?
  • Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?
Сабақ барысын талқылау:
  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Салауатты өмір салты- организмнің тәулік бойы қозғалыста болуын, шынығу-мүшелері жүйесінің қызметін арттырады; сыртқы орта мен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы , дұрыс тамақтану, гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға негіз болады; дұрыс мінез-құлық, өз қасиеттерін басқара білу адамның жақсы өмір сүруіне көмектеседі.

  • Денсаулық пен салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?
  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
  1. Дәйек сөз.

«Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі».

Т.Карлейль

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқып, адам денсаулығына ықпалы тұрғысынан олардың мағынасын ашу. Өз бақылауларыңның нәтижесін кестеге толтырту.

  1. Топпен ән айту.

«Спорт-біздің досымыз» әнін бірге шырқайды.

  1. Үй тапсырмасы.

Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып келу.

  1. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысып, өз ойын ашық білдіре білген оқушыларға мақтау айтып, қошемет көрсету.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.