Оқушылар шығармашылықтары

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы
Ащысай елді мекені, Ащысай бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гулдария Губашевна

  • Жанайым Жәнібекқызы 3 сынып
  • Утеп Думан Нұрболатұлы 3 сынып оқушысы
  • Әділгерей Рамазан Думанұлы 2 сынып оқушысы
  • Утеп Гаухар Нұрболатқызы 2 сынып оқушысы
  • Сүйікті ауылым

Ауыл деген керемет қой қашанда,

Жылу сыйлар осы бір сөз мағанда.

Жырақ кетсем сағынып-ақ тұратын,

Ауылымды құрмет тұтам қашанда.

Ауылым алтын бесігім әрқашанда,

Сол ауылда өсіп келем нұрлана.

Тілерім тыныш болып ауылым,

Жайқалып жайнай берсін шуақ дала.

БҚО Орал қаласы Казталов ауданы

Ащысай бастауыш жалпы білім

беретін мектебінің оқушысы

Жанайым Жәнібекқызы 3 сынып

«Тәуелсіз елдің болашағымын»

«Елім менің» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен айта аламын. Ата-бабамыздың ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға, жеткен елімді мақтаныш етемін. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Барлық ғұмырын ұлтына арнаған аталар, оттай жалындаған желтоқсан қаһармандарының арқасы деп білемін. Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері халқымыз жарқын болашаққа қол созды. Осы тәуелсіз күннің бақытты ұрпағы біз. Әрбір жас ұрпақ қазақ елінің болашағы.

Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Менің болашағым тәуелсіз Қазақстанның болашағы деп білемін. Сондықтан елімнің болшағы үшін күрессем өзімнің болшағымды жасағаным. Сондықтан елім үшін болашақта еңбек етемін.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Ащысай бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Утеп Думан Нұрболатұлы

3 сынып оқушысы

«Ауылым – алтын бесігім»

«Туған жер, ауыл» – деген неткен ғажайып сөздер. «Ауыл» дегенде көз алдыңа таза ауа, емін- еркін ойнап жүрген балалар, ақыл беретін аталар, мейірімді әжелер, қамқор ағалар, жайылып жүрген малдар елестейді. Мен осындай ауылда дүниеге келіп, өмір сүріп жатырмын. Атамда, әкемде осы ауылда дүниеге келген. Сондықтан ауылым, туған жерім маған ыстық. Туған жердің табиғатын қорғау, құрметтеу әрбір адамның борышы деп ойлаймын. Туған жер туралы үлкен ақын, жазушы аталарымыз, ағаларымыз әпкелеріміз өлеңдер, шығармалар жазған. Тіпті суретшілер де ғажайып суреттер салған.

«Туған жердей- жер болмас,

Туған елдей -ел болмас»

-деп бекер айтылмаған. Сондықтан мен туған жерімнің әдемілігін, сұлулығын өз тіліммен жеткізе алмаймын.

БҚО. Орал қаласы Казталов ауданы

Ащысай бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Әділгерей Рамазан Думанұлы

2 сынып оқушысы

Астана –бас қала

Қазақстан байтақ елде,

Астанасы бас қала.

Бас қаланың көркейуі,

Жас ұрпақтың қолында.

Астанам менің Астанам

Құлпыра бер жас қалам!

Барлық елге танымал,

Бола берші бас қалам!

Астана неткен көркем еді,

Сұлулығына адам тамсанған.

Жасай берші, Астанам!

Мәңгі жаса Астанам!

БҚО. Казталов ауданы

Ащысай бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Утеп Гаухар Нұрболатқызы

2 сынып оқушысы

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.